Табиғатты пайдалану әр түрлерінің экологиялық тәсілдері .

Табиғатты пайдалану құқығының субъективтік мағынасы - бұл (экологиялық заңдар) табиғи ресурстарды пайдалану мен билік етудегі нақты табиғатты пайдаланушының экологиялық заңдар мен белгіленген құқытарының жиынтығы болып табылады. Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары болып - ғылыми дәлелдеген, сипаттамалары мақсаты, тиімділік, кешендік, лицензиялау, квоталау лиметтеу табылады. Табиғатты пайдаланудың ғылыми дәлелдегенділігі бұл экологиялық және экономикалық мүдделерді қамти отырып, табиғаттың даму заңдарына сүйенетінін білдіреді. Табиғатты пайдалану құқығы мақсатты сипатта жүргізіледі. Бөлек табиғатты пайдаланушыға пайдалану құқығын шешуге байланысты міндетті түрде фиксацияланып отыратын, нақты табиғи ресурстарды, учаскелерді, объектілерді және белгіленген мақсатына сай оның бөлігін мемлекет береді. Мемлекет жер учаскесін азаматқа пайдалануға беру, бұндағы мақсат - крестьяндық шаруалық жүргізу - жер пайдалану құқығы актісі әкімдікпен берілетінін көрсетеді. Берілген объектілермен учаскілерді мақсатына сай пайдаланбағандығы заң бұзушылық болып табылады және табиғат пайдалану құқығын тоқтатумен алып қоюға әкеп соқтырады.Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары - ҚР-ғы жалпы табиғатты пайдалану құқықтық негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табыладыҚР-ң Конституциясы бойынша адамдардың құқықтары табиғатты қорғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.

Қоршаған ортаны тазарту-адамның өмір сүру ортасының санасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылық қызметтердің ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтық қолайлы қоршағант ортаға құқықтық объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекрациялық аймақтар, санитарлық-курорттық орындар, т.б. Азаматтық бұл құқықтары ҚР-ң заңдарында ары қарай даму көзделген.

Азаматтарды қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына - адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендеуге және ескертуге, халықтық демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органның, кәсіпорынның, мемлекеттік, ұйымдастырудың және басқа да қоғамдық ұйымдардың санитарлық-гигиеналык шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.

1997ж.15 шілдеде қабылданған ҚР- Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 5-ші бабында сәйкес, азаматтардың қоршаған орта-ны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Әрбір азаматтың және ҚР-ң аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ шетелдіктердің аз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірген залалдың өтеуін алуға құқығы бар.