Табиғатты пайдалануды ң әр түрлерінің экологиялық тәсілдері .

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Табиғатты пайдалану әр түрлерінің экологиялық тәсілдері.

3. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.

4. Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері.

5. Қорытынды

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

Табиғатты пайдалану дегеніміз адам мен қоғамның экономикалық, экологиялық, мәдени-сауықтырушылық, рухани-әдептілік қажеттіліктерін табиғи ортаның қасиеттерін бөлумен түсіндіріледі. Табиғатты пайдалану құқығының объективтік мағынасы - бұл табиғатты пайдаланушыларды құқықтары мен міндеттерін, табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттары мен тәртіптерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын көрсетеді.Табиғатты пайдалану құқығының субъективтік мағынасы - бұл (экологиялық заңдар) табиғи ресурстарды пайдалану мен билік етудегі нақты табиғатты пайдаланушының экологиялық заңдар мен белгіленген құқытарының жиынтығы болып табылады. Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары болып - ғылыми дәлелдеген, сипаттамалары мақсаты, тиімділік, кешендік, лицензиялау, квоталау лиметтеу табылады.

Табиғатты пайдаланудың ғылыми дәлелдегенділігі бұл экологиялық және экономикалық мүдделерді қамти отырып, табиғаттың даму заңдарына сүйенетінін білдіреді. Табиғатты пайдалану құқығы мақсатты сипатта жүргізіледі. Бөлек табиғатты пайдаланушыға пайдалану құқығын шешуге байланысты міндетті түрде фиксацияланып отыратын, нақты табиғи ресурстарды, учаскелерді, объектілерді және белгіленген мақсатына сай оның бөлігін мемлекет береді. Мемлекет жер учаскесін азаматқа пайдалануға беру, бұндағы мақсат - крестьяндық шаруалық жүргізу - жер пайдалану құқығы актісі әкімдікпен берілетінін көрсетеді. Берілген объектілермен учаскілерді мақсатына сай пайдаланбағандығы заң бұзушылық болып табылады және табиғат пайдалану құқығын тоқтатумен алып қоюға әкеп соқтырады. Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары - ҚР-ғы жалпы табиғатты пайдалану құқықтық негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.