Тақырыбы: Деонтология. Медициналық этика туралы мәтелдер және афоризмдер.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

«Шет тілдер кафедрасы»

 

 

СӨЖ

Тақырыбы: Деонтология. Медициналық этика туралы мәтелдер және афоризмдер.

Орындаған: Абильдаева Фатима

Факультет: фармация

Топ: ТФП 14-004

Тексерген: Жантасова Сапаргүл

 

 

Деонтология ( гр. deon - қажеттілік және logos ілім; қажеттілік туралы ілім) - этиканың парыз, жалпы қажеттілік туралы (ізгілік талаптары білдіретіннің барлығы) қарастыратын бөлімі. Терминді алғаш Бентам жалпы ізгілік теориясын белгілеу ұшін қолданған.

Деонтология - парыз, міндет мәселелерімен айналысатын этиканың бір бөлігі. Деонтология әлеуметтік-тарихи, мәдени дәстүрлерге қажетті адамдардың мінез-құлқын зерттейді.

Этика— адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.
Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.

Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:

медициналық қызметкер – емделуші,

медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,

медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.

Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және толыққанды медициналық көмек.

Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!

Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзге де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты.

Әділдік қағидаты/ зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс.Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.

Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.

 

 

Афоризмдер:

1) Diagnosis bona – curatio bona - Жақсы диагностика – жақсы емдеу

2) Hygiena amica valetudinis - Тазалық – денсаулық кепілі

3) Lassitudines spontaneae denuntiant morbos – Өзіндік әлсіреу ауру тудырады

4) Medica mente, non medicamentis – Дәрі-дәрмекпен емес, ақылмен емде

5) Medice, cura aegrotum, sed non morbum – Дәрігер ауруды емес, науқасты емде

6) Medicina soror philosophiae – Медицина – сестра философии

7) Medicus nihil aliud est, quam animi consolatio – Врач - не что другое, как утешение для души

8) Officium medici est, ut tuto, ut celeritur, ut jucunde sanet - Долг врача в том, чтобы лечить безопасно, быстро, приятно

9) Primum noli nocere – прежде всего- не навреди

10) Salus aegroti suprema lex medicorum – благо больного – высший закон для врачей