Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Бекітілді: __________ Күні: 23.05.2016 ж

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас, Таным»

Бөлімі: Тіл дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, экология.

Тақырыбы: «Астанаға саяхат»

Мақсаты: Астанаға саяхаттау арқылы балалардың жыл бойы өткен тақырыптарын тиянақтау. Суреттер бойынша әңгімелеу, тақпақ айту, жұмбақ шешу арқылы тілдерін дамыту. Балаларды отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қоршаған табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта

Әдіс- тәсіл: Саяхатқа шығу, сұрақ-жауап, ойын өткізу, көрсету.

 

 

Оқу іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық Қозғалыс -Балалар, біз бүгін өтілген тақырыптарымызды қайталап еске түсіреміз. Біздің бүгінгі күніміз көңілді өту үшін бәріміз қол ұстасып шаттық шеңберіне тұрайық.   Шаттық шеңбері. -Қайырлы күн балалар! Мен сендерді аман есен көргеніме Қуаныштымын!   Армысың, қайырымды аспан ата! Армысың, мейірімді жер-ана! Армысың, шұғылалы Алтын күнім! Армысың, балабақша дос-жараным! Армысыздар, қонақтар! (шеңберге тұрып айтады)  
Ұйымдастырушы лық - ізденістік Балалар бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз қызықты болмақ. Өйткені бүгін біз Астана қаласына саяхатқа шығамыз. - Саяхатқа немен баруға болады? -Дұрыс айтасыңдар. -Балалар, пойызды кім жүргізеді?   - Ұшақты кім жүргізеді? -Балалар, бүгін біз саяхатқа автобуспен шығамыз, автобусымызды жургізетін бізге кім керек? -Енді бәріміз автобусқа мінейік. -Балалар, біз қандай ғимараттың қасына келдік?   -Бейбітшілік және келісім сарайы неге ұқсайды?   -Балалар, қараңдаршы мына жерде қандай ағаштың түрлері өсіп тұр?   Балалар, бізге терек ағашының қоятын сұрақтары бар екен;   -Балалар, біз қандай республикада тұрамыз? -Кім отанымыз туралы тақпақ біледі?     -Қ.Р. елордасы қай қала?   -Астана қаламыз туралы кім тақпақ біледі?   Біздің елімізді басқарып отырған Елбасы кім? Қ.Р. қандай рәміздері бар?     -Кім рәміздерімізге байланысты тақпақтар біледі -Балалар. Арықарай саяхатымызды жалғастырайық, автобызға мінеміз.     -Жол қысқарсын бойымызды сергітіп алайық.   Сергіту сәтін өткіземін. Аяқпеннен топ-топ (видео арқылы)   Балалар,біз қай ғимараттың қасына келдік? - Бәйтерек неге ұқсайды? -Балалар,бәйтерегіміздің маңында нелер ұшып жүр? -Балалар бір дыбыс естіледі. (Қарлығаш құс ұшып журеді слайдта) -Балалар жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінің ерекшелігі қандай?   -Көктем мезгілінде неше ай бар?   -Көктем мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?     -Балалар ойын ойнайық: «Ұшты-ұшты»     -Балалар біз қай ғимараттың қасына келдік? -Бізден басқа тағы нелер тұр? -Балалар, аю бізден жануарларға байланысты жұмбақ тыңдағысы келіп отыр, ол үшін сендер көздеріңді жұмасыңдар, ашқанда сиқырлы сандық пайда болады, оның ішінде жұмбақтар жасырынған. Басында мүйізі бар, Үстінде киізі бар (сиыр)   Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады (аю)   Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар, Адам деуге болмайды, Бірақ сақалы бар. (ешкі) Қырда жүрер ол жортып, іні де жоқ бармайтын құйрығымен бұлтарып, Қандай аң ол алдайтын. (түлкі)   Киелі бір жануар, Үстінде екі тауы бар (түйе)   -жол қысқарсын ойын-ойнайық. Ойын: «жақсы, жаман» -Балалар,біз қай ғимараттың қасына келдік? -Балалар, жақсылап қараңдаршы, Ханшатырдың қасында нелерді көріп тұрсыңдар? - Бұл гүлдер қалай аталады?       Машинамен,пойыз-бен,автобуспен. - Машинист -жүргізуші -ұшқыш   -жургізуші     бейбітшілік және келісім сарайы -Шырша ағашына ұқсайды.   -Қайың, шырша, терек.     -Қазақстанда тұрамыз. Нұрхан: Отан менің ата-анам Отан досым, бауырым Отан өлкем астанам, Отан аудан,ауылым   Асылжан: Отан-атам, Отан-әжем, Осы сөзім қате мекен Қате болса неге біздер, Дейміз оны атамекен.   -Астана қаласы   Айкөркем: Астана арман қала, Бағы бір жанған қала Тұрады ол жап-жас болып, Мен үлкен болғанда да. Нұрсәт: Бүгін еңбек қайнаған, Жасау үшін бақ қала Болады ертең жайлаған, Ақ Астана –бас қала Гүлжиһан: Астананың төрінде, Сарыарқаның өрінде. Ту ұстаған бас қалам Әсем қалам Астанам!   -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев -Ту, елтаңба, әнұранымыз бар.   Асылай: Болса егер намыстарың Айтыңдаршы достарым Ана тілінде анықтап Рәміздерін елімнің   Алихан: Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат,әдемі! Тұнығындай көңілдің,ортада аспан әлемі.   -Бәйтерек. -Терек ағашына -Құстар, торғай, тырна   -қазір жылдың көктем мезгілі Қар ериді, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады. -Үш ай бар, наурыз, сәуір, мамыр. Қ.Арлан: Қаусатып қар боранды Көктем қайтып оралды. Таулар тастап ақ тонын. Көк торғынға оранды.   Аянат: Қар су болып жөнелді Қалды дала жалаңаш Күн нұрына кеңелді Бүршік жарып бар ағаш. Самет: Келіп көктем құстары Бау бақшаға ән салды Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.   -Балалар қызыға ойнайды.   -Цирк. Жануарлар, аю, маймыл, қоян   Балалар тапсырмаларды орындап, жұмбақтардың жауабын табады.     -Хан шатыр. Гүлдер өсіп тұр. Балалар гүлдердің атын атап, олар туралы әңгімелеп айтады.
Рефлексиялық түзетушілік -Балалар, бүгін біз қайда бардық? -Бәйтеректе не істедік? -Балалар сендерге саяхат ұнады ма? -Жарайсыңдар, балалар сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар, рахмет. -Балалар келген қонақтармен қоштасайық, сау болыңыздар! -Автобусымызға мініп балабақшамызға барайық. Сұрақтарға жауап береді. -Өз ойларын гүл шоқтарын жабыстыру арқылы айтады.     Сау болыңыздар!

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар өз отаны туралы біледі. Рәміздерді атап, оларды ажырата алады.

Игереді: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, қоршаған табиғатты қорғауға, сүюге деген ұғымдарын игереді.

Меңгереді: Сұрақтарға жауап бере алады

Толтырған: Шетірова Ә.Б