Ағылшын өлеңдерінің әуесқойлары клубы

Ағылшын өлеңдерінің әуесқойлары клубы 2012 жылдың қыркүйек айында гуманитарлық факультеттерге арналған шет тiлдерi кафедрасы жанында ұйымдастырылды. Оның қызметiнiң негiзгi мақсаты студенттерде эстетикалық талғамды қалыптастыру әрі адамгершілік тәрбиеге көмектесу және студенттердің тыңдау және сөйлеу қабілеттерін дамыту болып табылады. Клубтың тұрақты мүшелерi құрамына әр түрлi факультеттердiң 1-2 курс студенттерi кiредi: филология, әдебиеттану және әлем тiлдері факультеті, экономика мен бизнестің Жоғарғы мектебi, заң факультетi, философия және саясаттану факультетi, тарих факультеті және шығыстану факультеті.Оның мәжiлiсiне клубтың тұрақты мүшелерiнен басқа, уақытты жақсы өткізгісі келген әр студент қатыса алады.

«Lingua» клубының тарихы 1997 жылы 1-ші және 2-ші гуманитарлық шет тілдері кафедрасы аясында басталған. Оның қалыптасу кезінде клубта Мишель Балу, Том Барковский және т.б. сияқты шетел адамдарымен кездесулер, Қазақстан және АҚШ – Қазақстан және Ұлыбритания сияқты екі мемлекеттің өзгешеліктері мен мәдени құндылықтары жайында пікір таластар, ағылшын тілінде фильм көру және оны талқылау сияқты шаралар жүргізілді. Талқылауларға ҚМЭПИ профессорлары шақырылған еді. Ағылшын Клубы аясында мәдени-іс шаралар мен кештер өткізіледі.

2008 жылы Университет аясында Ағылшын Клубы ашылды.

Болашақ маманның тұлғалық қалыптасуына, дүниетанымының және азаматтық ұстанымының кеңейуіне құқықтық көмек мақсатында Тәуелсіздік күніне орай ҚР Конституциясы жайында әңгіме өткізіледі. Жыл сайын түрлі мерекелерге орай шығарма жазудан сайыс, қыркүйек айында «Тіл мерекесі» күніне арнап конференция, сонымен қатар студенттерді эстетикалық және адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында Қазақстандағы халықтардың әдет-ғұрыпын ескере отырып іс-шаралар ұйымдастырылылады, оның ішінде «Наурыз Мейрамы».

Осы жылы клубтың мерейтойына орай заң факультеті және экономика және бизнес мектебінің магистранттарының арасында «Қазақстанның 20 жыл тәуелсіздік ішінде экономикалық және құқықтық қалыптасуы» атты конференция өткізілді. “Thanksgiving Day”, “Halloween Party”, “Christmas, New Year” сияқты мерекелерге арналып түрлі жарыстар, викториналар, «The most interesting event in my life» тақырыбына шығарма сайысы, «Умники и умницы» интеллектуалды шоу, «The best reciter», «The best translator», Наурыз мейрамына арналған «Көктем шуағы» - «Smile of Spring” атты дәстүрлі концерт өткізіледі. Сонымен бірге, клубта маңызды білімберу міндеті атқарылуда - студенттер мәдени деңгейін, дүниетанымын кеңейтетін қосымша ғылыми ақпараттық ізденіспен айналысады, студенттердің оқу дәрістерінде меңгерген қабілеттері мен біліктіліктерін тәжірибе жүзінде қолдану мүкіндігі бойларына мақтаныш сезімін ұялатады. Клубтың іс-шараларына қатысу студенттің мәдени біліктілігінің жоғарлауына, заманауи британ мәдениетін терең түсінуге ықпалын тигізеді, тілдік біліктілітің дамуына және жоғарылуына, студенттердің ұжымда қоғамдануына, топта жұмыс істеу қабілеттерінің дамуына, сонымен қатар олардың шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

“Lingua”Club аясында ағылшын тілінде фильмдер көрсетіліп, кейіннен талқыланады.

 

 

Спорт клубы

Дене шынықтыру қозғалысының негізгі буыны ұжымдық дене шынықтыру болып табылады. Спорт клубы дене шынықытрудың ұжымын ұйымдастырудың жоғарғы формасы болып табылады. Бұл атақ көпшілік дене және спорт жұмысы барысында қол жеткізген жетістіктері үшін (спорт базасының болуы, студенгттік жастарды дене шынықтырумен, спортпен айналысуға тарту) беріледі.

ЖОО-дағы спорт клубы қызметінің мақсаты – таңдалған мамандық бойынша жоғары өнімді еңбекке, дене шынықтыру мен спортты оқу-өндірістік қызмет барысында пайдаланып, енгізе алатын педагогтың тәрбие жұмысын жүргізуге, салауатты өмір салтын ұйымдастыруға дайын жан-жақты дамыған мамандарды тәрбиелеуге көмектесу.

Міндеттері :

1. Дене және моральдік ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу, кәсіби дайындық, әлеуметтік белсенділік деңгейін арттыру;

2. Студенттердің бойында болуға тиіс қасиеттерді, кәсіби білім, икемділік, дағдыны қалыптастыру бойынша жоғары оқу орнындағы ректорат, департамент және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнату;

3. Көпшілік сауықтыру, дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

4. Спорт түрлері бойынша әуесқой спорттық бірлестіктер, клубтар, секциялар мен командаларды құру;

5. Дене шынықтыру және спорт, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттың мазмұнды, пайдалы өтуін ұйымдастыру.