Кино әуесқойлары клубы
Кино әуесқойлары клубы 2012 жылдың қыркүйек айында гуманитарлық факультеттерге арналған шет тiлдерi кафедрасы жанында ұйымдастырылды. Оның қызметiнiң негiзгi мақсаты студенттерде эстетикалық талғамды қалыптастыру әрі адамгершілік тәрбиеге көмектесу болып табылады. Клубтың тұрақты мүшелерi құрамына әр түрлi факультеттердiң 1-2 курс студенттерi кiредi: филология, әдебиеттану және әлем тiлдері факультеті, экономика мен бизнестің Жоғарғы мектебi, заң факультетi, философия және саясаттану факультетi, тарих факультеті және шығыстану факультеті. Бұл студенттерді әр түрлi елдердiң кино өнерiне деген қызығушылық пен көргені мен естiгендерін ағылшын тілінде сараптай білу дағдылары біріктіреді. Оның мәжiлiсiне клубтың тұрақты мүшелерiнен басқа, зиялы адамдармен араласып, әдемілікті бағалауға үйренгісі келетіндер де қатысады.
Кино әуесқойлары клубының жарғысы
Клубтың мүшесi қатарында қоғамның рухани өмiріне қызығушылық танытатын кез келген студент бола алады.
Клубтың әрбiр мүшесi оған не қызық болғаны, фильмнен не күткенi және оны көргеннен кейiн қандай ойлар туындағаны туралы әңгiмелеп беруі тиіс.
Клубтың әрбiр мүшесi қазiргi кино өнерi туралы өз бiлiмдерiн тереңдетуге ұмтылуы тиіс.
Клубтың әрбiр мүшесi қарап шыққан кинофильмді белсендi талқылауға араласуы қажет.
Клубтың мүшелерi өз көзқарастарына сәйкес келмейтiн пiкiрлерге төзімділік танытады, клубтың басқа мүшелерiне қатысты әдептілік пен сыпайылықты сақтайды.
Кез келген талқыланатын тақырыптарға байланысты келіспеушіліктер еркiн пiкiрталастар жолымен шешіледі.
Клубтың мәжiлiстерi екi айда бiр рет жүргiзiледi. Мәжiлiс күндері туралы және талқыланатын фильмдердің атаулары жөнінде факультеттердiң фойедегі ақпараттық стендтерi мен гуманитарлық факультеттерге арналған шет тiлдерi кафедрасының ресми сайтынан бiлуге болады.