2. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 21) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары) қызметін ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Спорт комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі М.Е.Омаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 3 тамыздағы
№ 02-02-18/153 бұйрығымен
бекітілген

Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары)
қызметін ұйымдастыру ережесі 1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (бұдан әрі - клубтар) қызметін ұйымдастырудың тәртібі мен шарттарын реттейді және меншік түріне және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, барлық спорт клубтары үшін үлгі болып табылады.
2. Клубтар өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Мемлекеттік мүліктер туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасының Еңбек, Азаматтық Кодекстерін және осы Ереже мен клуб Жарғысын басшылыққа алады.
3. Клуб жарғысы ұйымдастырушылық құрылымды, қызмет бағытын, қызмет түрлері мен нысандарын, клубтардың қызметкерлері мен мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
4. Клубтар оқу-жаттығу, жарысу, дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады және әр түрлі ұйымдастырушылық - құқықтық нысандарда құрылады.
5. Клубтар мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет елдердің органдарымен, дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтасып, өзара әрекет етеді.
6. Клубтар республиканың мемлекеттік органдарымен, қоғамдық, коммерциялық ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктердің одақтарымен (қауымдастықтарымен) шарттар бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Мемлекеттік емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген белгілі бір жұмыстарды атқарады.
7. Клубтар республикалық және халықаралық спорттық ұйымдармен өзара әрекет етеді, әлемдік спорттық қозғалыстағы ел ретінде Қазақстан Республикасының беделіне жан-жақты ықпал етеді.
8. Клубтар дене шынықтыру және спорт саласында келісімдер жасайды, халықаралық шарттар мен тиісті мемлекеттердің заңнамасының негізінде тиісті келісім-шарттар жасауға, халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге ұжымдық мүше ретінде кіреді және халықаралық құқық, халықаралық шарттар мен тиісті мемлекеттер заңнамаларының жалпыға бірдей қағидаттары мен нормаларының негізінде шет мемлекеттерде өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдарын) құрады.
9. Клубтар:
1) спорт түрлері бойынша кәсіптік;
2) салалық клубтар, кәсіпорындардың және ұйымдардың клубтары болуы мүмкін.

2. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері

10. Спорт түрлері бойынша кәсіптік клубтар мына мақсаттарда құрылады:
1) Қазақстан Республикасында спорт түрін дамыту;
2) спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау;
3) спорттық және олимпиадалық және паралимпиялық қозғалыстарды дамыту.
11. Кәсіптік клубтардың негізі міндеттері:
1) спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау үшін жағдай жасау;
2) күшті спортшыларды анықтау және спорт резервін дайындау;
3) спорт секцияларында, оқу-жаттығу жиындарында сабақтарды ұйымдастыру және спорттық іс-шаралар өткізу;
4) материалдық-техникалық базаны нығайту және дамыту;
5) тәжірибе алмасу және жаңа спорттық жетістіктерді енгізу мақсатында ел ішіндегі және шетелдегі клубтар арасында байланыстарды орнату және дамыту бойынша жұмыстар жүргізу болып табылады.
12. Салалық клубтар, кәсіпорындардың және ұйымдардың клубтары мына мақсаттарда құрылады:
1) халықтың түрлі топтарын, оның ішінде ардагерлер мен мүгедектерді (әрбір азаматтың мүддесін ескере отырып) дене шынықтыру және спортпен жиі айналысуға кеңінен тарту;
2) салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді демалыстар ұйымдастыру, дене дайындығының деңгейін арттыру, ерік-жігерлік және азаматтық-отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;
3) клуб мүшелерінің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау;
4) бұқаралық спорт қозғалысын қалыптастыру.
13. Клубтардың негізгі міндеттері:
1) Қазақстан азаматтарының дене, рухани және азаматтық-отансүйгіштік тәрбиесіне белсенді ықпал ету, олардың күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты енгізу;
2) спорт секциялары мен сауықтыру бағытындағы топтарда клубтық сабақтарды ұйымдастыру, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
3) денсаулық жағдайында ауытқушылығы бар және дене дайындығы нашар азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізу;
4) спартакиадалар, бұқаралық спорттық жарыстар, спорт мерекелерін, жарыстарға қатысу үшін спортшыларды дайындау бойынша оқу-жаттығу жиындарын өткізу;
5) бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыстарды ұйымдастыруда кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге, соның ішінде білім мекемелеріне көмек көрсету;
6) спорт түрлерін үйлесімді әрі тең құқылы дамыту үшін жағдайлар жасау;
7) дене шынықтыруды, спорт пен салауатты өмір салтын белсенді насихаттау, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, шылым шегудің дамыуына қарсы, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен балалардың қаңғыбастылығын болдырмауға бағытталған жұмыстарды жүргізу.