Тәжірибенің оқытушылық міндеті теория жүзінде алған білімдер тәжірибе жүзінде тексеріледі, яғни студент практикант міндетін орындайды.

Педагогикалық маңызды қабілеттіктер мен дағдылардың өңделу үрдісі жүреді, болашақ маманның нақты көзқарастар жүйесіндегі педагогикалық санасы қалыптастырылады.

Тәжірибенің бейімделушілік міндетінде студент педагогикалық үрдістің ырғағына дағдыланады, білім жүйесінің байланыстарына бағдарлануға дағдыланады. Болашақ педагог педагогикалы жұмыстың барлық қиындықтары мен жақсы жақтарын нақты сезінуге үйренеді.

Тәжірибенің тәрбиелік міндетінде студенттер оқушылармен жұмыс жасау барысында өзін-өзі тәрбиелеу, оқытумен айналысу, керектігін сезінеді, яғни өзіміздегі бар білімді жеткіліксіз екендігін түсініп, тәжірибелі қасиеттердің бар болуы керектігін сезінеміз.

Тәжірибенің диагностикалық міндеті ең маңызды міндеттердің бірі. Нақты педагогикалық қызмет кезінде болашақ маманның тұлғалық қабілеттері дамиды.

Тәжірибенің дамытушылық міндеті басқа міндеттермен тығыз байланысты. Тәжірибе барысында студент-практиканттың педагогикалық қабілеттіктері дамып, қалыптастырылады. Тәжірибе барысында студент тұлғалық, әрі тәжірибелік түрде дамытылады. Ол өзінің тәжірибесіне ғана сүйеніп қоймай, сонымен қатар нақты маман сияқты ойлау мен іс-әрекет істеуге үйренеді.

 

 

 

Тәжірибедегі студенттердің міндеттері.

-тәжірибені өту орнына көрсетілген уақытта кешікпей келу қажет;

-тәжірибе барысында студент мектептің ішкі тәртібін, мектеп директорының, педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісінің, әдіскерлердің және пән мұғалімінің тапсырмасын бұлжытпай орындауға тиіс.

-тәжірибе бағдарламасымен жеке жоспарда көрсетілген барлық жұмыс түрлерін орындау қажет;

-күнделікті үзбей жүргізіп, білім беру мекемелерінен бекітілген тәжірибе жетекшісіне көрсетіп отыру қажет;

-тәжірибе аяқталған соң үш күн ішінде университтетен бекітілген тәжірибе жетекекшісіне барлық қажетті құжаттарды өткізі қажет.