Педагогикалық тәжірибенің мақсаты мен міндеттері.

К іріспе

5В070100-Ботехнология мамандағындағы 3 курс студенттерінің педогогикалық тәжірибесі кәсіптік педагогикалық іс-әрекетке дайындайтын тұтас педагогикалық іс-әрекетке дайындайтын тұтас педагогикалық үдерістің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Мемлекеттік білім берудің міндетті стандартында (МБМС) (5В070100 Биотехнология мамандығы бойынша педагогикалық тәжірибенің қажеттілігі:

1.Жалпы білім беру, биологиялық пәндер бойынша мұғалімнің, класс жетекшінің жұмысымен студенттерді таныстыру үшін;

2.Психологиялық-педогогикалық цикл пәндер бойынша студенттермен меңгерген теориялық білімдерін тереңдету және бекіту үшін;

3.Жалпы білім беру, биологиялық пәндер бойынша оқыту дағдыларын қалыптастыру және бекіту үшін;

4. Педагогикалық үдерістің тұтас жүйесі ретінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру және бекіту үшін.

Сонымен қатар педагогикалық тәжірибие студенттің өз бетінше кәсіптік іс-әрекетке дайындығының соңғы кезеңі болып табыдады.Сондықтан бұл кезеңде студентке келесі жұмыс бағыттарына ерекше көңіл аудару керек:

-түрлі оқу сабақтарын өткізу;

-сыныптан тыс тәрбиелік шаралар өткізу;

-кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу;

Педагогикалық тәжірибе болашақ кәсіптік іс-әрекетке жақын жағдайларда өтеді.

Тәжірибеден өту кезінде студенттерді кәсіптік педагогикалық білімдер, біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың педагогикалық қабілеттіктері дамиды.

 

 

Педагогикалық тәжірибенің мақсаты мен міндеттері.

5В070100- Биотехнология мамандығы бойынша 3 курстағы педагогикалық тәжірибе жақсы материалды- техникалық базасы бар және жоғарғы мамандандырылған, тәжірибелі оқытушылар ұжымы бар жалпы білім беру мектептерінде, гимназия мен колледждерде және басқа оқу орындарында ұйымдастырылады.

Тәжірибе мақсаты: Студенттерді өз бетінше педагогикалық іс-әрекетке, түрлі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіптік-педагогикалық білімдер мен дағдыларды іс жүзінде қолдана білуге жан-жақты дайындау.

Тәжірбие міндеттері:

-Педагогикалық тәжірибе жалпы ғылыми, дидактикалық, әдістемелік, пәндік және психолого-педагогикалық дайындығын біріктіруге арналған;

-оқушылардың танымдық, еңбек, қоғамдық, табиғатты қорғау, деңсаулық сақтау, ойын және басқа да іс-әрекетінің түрлерін іске асырудың түрлі формалары мен әдістерін қолдану;

-Педагогикалық тәжірибенің бағдарламасы оқушылардың кәсіптік-маңызды дағдыларына және негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға арналған;

-Студенттерді түрлі формадағы оқу сабақтары мен әр түрлі типтегі сабақтарды психология-педагогикалық және арнайы пәндер борйынша алған білімдері негізінде жүргізуге дайындау;

-Студенттердің кәсіптік педагогоикалық іс-әрекетке қызығушылығын дамыту және бекіту.

-түрлі оқу білім мекемелерінде кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу біліктерін дамыту.

Педагогикалық тәжірибе міндеттері:

Педагогикалық тәжірибе бірнеше міндет атқарады: оқытушылық, тәрбиелік, дамытушылық, бейімделушілік, диагностикалық.