«Ғаламтор жүйесі» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

Біздің қазіргі өмірімізде ғаламтор жүйесі үлкен роль атқарады. Күн сайын біз адамдармен әр түрлі жолмен байланыс жасаймыз. Олар: хабарламахат, телефон, факс, электронды пошта, ғаламтор және т.б.

Бұл күндері ұялы телефон, факс, электронды пошта, ғаламтор пайда болды. Ғаламтордың тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарулы күштермен байланыс жасау үшін компьютер жүйесі қажет болды. Мұны 70-жылдары Америка ғалымдары қолға алып, 80-жылдары телефон компаниялары компьютер арқылы көптеген елдермен байланыс жасай бастады. Сөйтіп, халықаралық компьютер тілі пайда болды да, компьютер жүйесі дүние жүзіне тарай бастады.

Ғаламторды көптеген мақсатқа қолдануға болады. Ғаламтордың көмегімен машина, үй сатып алуға, басқа қалалардағы қонақ үйден күні бұрын орын алуға, кино көруге, ағылшынша газеттер, жапонша журналдар оқуға, кез келген қалалардан кітаптар сатып алуға, шетелдегі қарсыласыңызбен шахмат ойнауға, тіпті басқа елдегі таныстарыңмен еркін сөйлесуге де болады.

Ғаламтордың көмегімен санаулы уақыттың ішінде электронды пошта арқылы кез келген елдермен байланыса аласыз және бұл телефонмен сөйлесуден арзанға түседі.

Егер сіздің үйіңізде компьтер болмаса, Ғаламтордың көмегімен арнаулы факс-бюроны не Интернет-кафелерді пайдалануға болады.

Өміріміз күн санап дамып өзгеруде, сонымен бірге қарым-қатынастың түрі де көбеюде. Сөйлесу әрі қарапайым, әрі жеңіл, әрі тез болатын болды.

«Достық, бірлік» тақырыбында мақал- мәтелдер айтып беріңіз.

Жаман дос жауыңмен бірге шабады.

 

Достың орны - төр,

Дұшпанның орны – көр.

 

Жаңа дос келгенде,

Ескі достың көзінен жас шығады.

 

Жартыны жарып жеген –

Татулықтың белгісі.

 

Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы.

 

Біреу жаныңа жолдас,

Біреу малыңа жолдас.

 

Жолдасын тастаған жолда қалар.

 

Пайданың зоры – дос үшін шеккен зиян.

 

Шошқаға ерген балшыққа аунар.