«Мемлекеттік және халықаралық сыйлықтар мен стипендиялар» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

«Табиғат, су» тақырыбында мақал-мәтелдер айтып беріңіз.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

 

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

 

Боранда күні ит пен бала құтырады.

 

Алпыс күнде тасыған су,

Алты күнде қайтар.

 

Жауынмен жер көгереді,

Батамен ел көгереді.

 

Қыстың көзі қырау.

 

Сәуір болса күн күркірер.

 

Сәуір болмай, тәуір болмас.

 

Жаңа айдан жақсылық.

 

Жел дауылды шақырады,

Бұлт жауынды шақырады.

 

19 емтихан билеті

«Бұқаралық ақпараттар құралы» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.

Бұқаралық ақпарат құралдары, ақпарат алуға құқықты, азаматтардың ой-пікірлері,

телеарналар, бағдарламалар, арналар, қазақша бағдарламалар, халықаралық қоғамдастық,

бұқара жұртшылық.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік-саяси және экономикалық өмірін дамытуға жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынға қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілінің қолданылу дәрежесін атауға болады. Заңда көрсетілген 50 пайызды бүгінгі күнгі телеарналар мен радиолар орындайтын секілді. Бірақ қазақ тілінде жүргізілетін көп бағдарламалар мен әзіл-кештерді түнгі арналардан береді. Сол себепті, аталмыш заңға өзгеріс енгізіп, қазақша бағдарламаларды халық көретін уақытқа қойғызуымыз керек.

БАҚ-та Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне, ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне нұқсан тигізетін, елімізді халықаралық қоғамдастық алдында ұятқа қалдырған ақпараттарды таратуға болмайды.

БАҚ-та ешкімді нәсісілі, ұлты, жынысы, жасы, денсаулығы, денедегі ақаулығы, әлеуметтік деңгейі және діни сенімдері бойынша төмендетуге, қорлауға, сөгуге болмайды.

Бұқара жұртшылыққа адал қызмет етуі тиіс.