«Ұлттық мейрам» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз — парсы сөзі, қазақшасы “Жаңа жыл”, “күн” деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз — бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл — күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы — “Ұлыстың ұлы күні” деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды.

Наурыз — діни мейрам емес, жалпы халықтық мереке. Наурыз — табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні: “бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық”, — дейді.

Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия өкілдері: “Бұл күні Самарханның көк тасы да жібиді”, — деп, зынданда жатқан тұтқындардың қол аяғын босатып кешірім берген.

Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: “Ұлыс құтты болсын!”, “Ақ мол болсын!”, “Төрт түлік ақты болсын!”, “Ұлыс береке берсін”, “Бәле жала жерге енсін!” Сөйтіп адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән күйге жалғасады. Халқымызда бұл күнге арналған “Наурыз тойы”, “Наурыз жыры”, “Наурыз көже”, “Наурыз батасы” сияқты салт дәстүрлер бар.

Наурыз көже — азықтың жеті түрінен жасалады. Бұл қазақ тіліндегі “Жеті” сөзімен байланысты шыққан. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек.

Наурыз көженің құрамына негізінен бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су т.б. қосылу керек. Бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүт, ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады. Осыдан кейін әр отбасы ағайын, туған-туыстарына, көршілеріне де татырады.

Наурыз мерекесін Кеңес өкіметі діни салт деп қарап, 70 жыл бойы тойлатпай келді. Еліміз егемендік алғаннан бері “Наурыз” күні қайта тойлана бастады.

«Өнер-білім, татулық» тақырыбында мақал-мәтелдер айтып беріңіз.

Дос – егіз, дұшпан – сегіз.

 

Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.

 

Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып

құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.

 

Достық пен жолдастық

Тату үйдің бақыты тасыр,

Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

 

Жолдасы көптің – олжасы көп.

 

Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.

 

18 емтихан билеті

«Қайырымдылық қорлар мен бағдарламалар» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.

Қайырымдылық қорлар, қызмет атқарады, көпшілікке арналған, көпшіліктен жиналған қаражат, құрал-жабдықтары бар, қоғамдық бірлік, мәдени, рухани, қаржылай көмек көрсету, тұрмысы төмен отбасылар, денсаулықтарында ауытқулары бар жандар, арнайы бағдарламалар, демеуші, алпауыт компаниялар өздері өз қаражаттарынан қамқор болады. Көп жағдайларда олар балалар үйлеріндегі мүгедек балаларға, елді мекендердегі табиғат опатынан зардап шеккен жанұяларға кол ұштарын созып жатады.

Қазақстан Республикасында көптеген қайырымдылық қорлары қызмет атқарады. Атап кетер болсақ «Бөбек», «Аяла», «Сәби», «Бәйтерек», «Шұғыла», «Алтын қаран» және т.б. көптеген қайырымдылық қорлары бар.

Қайырымдылық қор – көпшілікке арналған, көпшіліктен жиналған қаражатқа заңға қайшы келмейтін өзіндік құрал-жабдықтары бар, ол құрал-жабдықтар көпшіліктің пайдасына ұсталатын қоғамдық бірлік болып табылады. Бұл қорлардың негізгі жұмысы көпшілікке мәдени, рухани, қаржылай көрсету. Тұрмысы төмен отбасыларға, балалар үйлеріне, денсаулықтарында ауытқулары бар жандарға осы қайырымдылық қорлары арнайы бағдарламалар арқылы қол ұштарын береді. Ол қайырымдылық қорлар мемлекетіміздің барлық аймақтарында да орналасқан. Қайырымдылық қорларға демеуші болып алпауыт компаниялар өздері өз қаражаттарынан қамқор болады. Көп жағдайларда олар балалар үйлеріндегі мүгедек балаларға, елді мекендердегі табиғат опатынан зардап шеккен жанұяларға кол ұштарын созып жатады.