«Байланыс» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
1) Әр түрлі техникалық құралдар арқылы ақпарат беру және қабылдау;
2) Пошта, телефон, телеграф, радио, т.б. хабар таратуды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының бір саласы. Ерте кезде хабар жаяу жүргінші немесе салтатты кісі арқылы ауызша, сондай-ақ, от, дабыл, белгі арқылы жеткізілген. Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, техникалық жетістіктерге орай байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты. 1837 жылы сызық пен нүкте (код) арқылы тұтас сөздерді бере алатын Морзе аппаратын, 1876 жылы телефон, 1895 жылы радиобайланыс құралы ойлап табылды. Техника құрал-жабдықтарының сипатына қарай байланыс пошта және электрлік байланыс болып бөлінеді. Пошта байланысы арқылы хат, газет, журнал, бандероль, т.б. жеткізіп беру және ақша аудару қызметтері атқарылады. Бүгінде почта корреспонденцияларын іріктеудің автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Электрлік байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді.
Телефон байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді. Онда бір абонентті екінші абонентке стансадағы автомат-аспаптар жалғайды. Қалааралық байланыс телеграф, фототелеграф, телевизия және радиорелелік желілері арқылы да беріледі.
Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктердің бірі болып табылады. Ол өте маңызды экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады. Осы заманғы байланыс құралдарының көмегімен Жер шарының ең шалғай орналасқан аудандарымен, тіпті ғарышпен де байланыс жасалады. Бірақ дүниежүзінде байланыс жүйесі біркелкі таралмаған, тіпті адамзаттың тең жартысына жуығы "телефон" дегеннің не екенін де білмейді.
Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон стансылары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.
№ 16 емтихан билеті
«Туризм индустриясы» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
Қазақстандағы туризімнің дамуы.
Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады. Ұлы саяхатшы Н.М.Прежевальский: «Өмір сүрудің тамашалығы сол, әрқашанда саяхат жасауға болады»деген.
Біздің елімізде 2000 жылдың 22 тамызға Үкімет мәжілісі өтті. Онда Қазақстандағы туризмді дамыту шаралары туралы мәселе қаралды. Қазақстанның туристік ұйымдары отандық туризмді дамыту үшін 75 жоба жасады. Олар: іскерлік, тарихи-мәдени, сауықтыру, ғылыми, спорттық, тау, әуә және экологиялық туризм.
Қазәргі жағдайда туризмнің дамуы қарқан алып келеді. Ол туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастырып, туристік бизнесті дамытады.