«Ұлттық киім» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
Қазақ халқының киім үлгілерінде табиғи ерекшеліктері бар. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Ұлттық киімдер: ішік, шапан, қамзол, көкірекше, бөрік, тақия, кимешек, сәукеле, тымақ, қалпақ, көйлек, мәсі, етік.
Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Оны ертеде негізінен хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған.
Сәукеле – ұзатылатын қыз киетін ғұрыптық киім. Оның төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Оның бағасы өте қымбат, жүз жылқыға дейін парапар болған. Сәукелені арнайы шеберлерге дайындаттырады.
Тымақ – Қазақта тымақтың түрлері көп, оның ең бағалысы түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты пүлішпен тысталады. Тымақтың төбесі шошақ болып келеді.
Бөрік – жеткіншектерден бастап ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Оның етегін айналдыра тері тігіледі. Бөріктің түрлері: шошақ бөрік, үкілі бөрік, кәмшат бөрік.
Тақия. Қазақта тақияның түрі көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі – бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия.
Қамзол – шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі.Өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленеді.
Шапан – сырт киім. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Оқалы шапанды ертеректе хан-сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған.
Ішік – сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілетін қысқы сырт киім.
№ 12 емтихан билеті
«Дизайн» атты тақырыпта шағын мәтін құрастырыңыз.
Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың жаңа үлгілерін ойлап табу. Ол 1928 ж. АҚШ-та пайда болды.
Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда қалыптасқан.Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының(қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
"Дизайнер" термині 1600 жылдарға жатады. Бұған дейін орындық жасайтын қолөнерші дизайнер де, дайындаушы да өзі болатын. 1800 жылдарға қарай фабрика жұмысшылары арнайы дизайнер әзірлеген дизайн бойынша көптеген орындықтар шығарды.
«Ұлттық ою-өрнек» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)
№ 13 емтихан билеті
«Сәулет өнері және құрылыс өнері» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
Сәулет өнері ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Архитектор гректің «архитектон» деген сөзінен алынған. Алғашқы мағынасы құрылыс өнерінің бас шебері деген ұғымды білдірген.
Ал, Даль – архитектор деген терминге «ғалым-құрылысшы»,«суретші-құрылысшы» деген анықтама береді. Сәулет өнерінің мақсаты – адам өмірі мен қызметін материалдық құрылым құрылыс конструкцияларды арқылы ұыймдастырып іске асыру.
Өзінің атқаратын қызметіне қарай архитектура негізі үш түрге бөлінеді; көлемдік ғимараттар құрылысының архитектурасы (тұрғын үй, театр, мектеп,дүкен); қаланы көріктендіру немесе жасыл-желек архитектурасы (бақ-парк,фонтандар); қала құрылысының архитектурасы,яғни қала салу өнері (жаңа қалалар салу,ескі аудандарын жаңарту).
Ғасырдан ғасырға мұра болып келген сәулет өнері туындылары сәулеттік ескерткіштер қатарына жатады. Ондай ескерткіштер өз дәуірінің құрылыс салу тәсіліне сай бітім-пішіні бар белгілі үлгімен салынады. Дүние жүзі халықтарының архитектурасындағы мұндай ерекшілік оның ең бірінші қоғамдық даму сатысына,тұрмыс салты мен мәдени өркендеуіне, ұлттық дәстүріне, табиғаты мен ауа райына, сондай-ақ жергілікті құрылыс материалына байланысты болады.
Құрылыс– жер шарындағы ең ежелгі өнердің бірі. Адам өзінің бірінші үйін ежелгі тас дәуірінің палеолит кезеңінің басында тұрғызған. Түнемелікке жатар жерді қалың шөптесінді немесе қалқалау жерді таңдаған, содан кейін күрке, лашық сала бастады. Қазірдің өзінде өте ежелгі күрылымдар, көне жұрт, баспана-жайлар кейбір жерлерде сақталған.
Алғашқы өркениет пайда болғанға кейін адамдар осындай құрылыстарда тұрып келген.Кейіннен қалалар салынып, әр түрлі құрылыстар жүргізілсе де, сол күркелер мен лашықтар әлі де өз қызметін жалғастырып келе жатыр.
«Көне және заманауи ескерткіштер» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
1. Түркістан қандай қала?
Түркістан (Йассы) – орта ғасырлық қала.
2. Ол қайда орналасқан?
Шымкент қаласынан солтүстік батыста 225 км жерде, Сырдарияның оң жаңында орналасқан.
3. XII-XIV ғасырларда қала қалай аталған?
XII-XIV ғасырларда қала Йассы деп аталады.
4. Қожа Ахмет Йассауи қай жерде туған?
Қожа Ахмет Йассауи қасиетті Түркістан топырағында дүние келген
5. Ол кімнен сабақ алған?
Ол бала кезінде ұстазды Арыстан Бабтан сабақ алады.
6. Қандай медреседе оқыған?
Кейін Бұқара қаласындағы Хамадани медресесіңде оқиды.
№ 14 емтихан билеті
«Ғарыш әлемі» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
Ғарыш (араб.-кеңістік, космос)- Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш Жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс ғарыш болып ажыратылады.
Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңестігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылады. Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды. Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немесе Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.