«Экологиялық мәдениет» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

Еліміз егемендік алғаннан бастап туристік іс-әрекеттерді жандандыру мәселелері қозғала бастады. Алдымен, туризм концепциясы, іле-шала 1993 жылы «Туризм Заңы» бекітілді. Міне, содан бері жиырма жылдай уақыт болды, туризм біртіндеп дамып келеді. Оның халықаралық деңгейге жетуіне әлі талай жылдың легі керек. Халықаралық деңгейге көтерілу үшін алдымен мемлекетішілік туризмді көтеріп, туристік инфрақұрылымды алдыңғы қатарлы елдер деңгейіне жеткізу абзал.

Мемлекетішілік туризмді жандандырып дамыту үшін «өлкетану-зерттеу» жұмыстары қолға алынуы тиіс. Туристерді қызықтыратын нысандар, оқиға орындары, ғажайып табиғат құбылыстары мен әсем мүсіндері, емдік-сауықтыру мақсатындағы шипалы орындар, көңіл көтеру, туристік-спорт орындары, үңгірлер, көлдер мен өзендер, шатқалдар зерттеліп, туристік-экологиялық баға беріледі.Оның құндылығы анықталып, туристік мүмкіншіліктері зерттеледі.

Туризм әрекеттері үшін танымдық, экскурсиялық, емдік-сауықтыру, көңіл көтеру, демалыс, спорттық мақсаттары анықталып дамытылады. Қазір белгілісінен белгісізі көп шашырап жатқан нысандар көп.

Өкінішке орай, осы жылдар аралығында туризмнің экономикалық мүмкіншіліктеріне баса назар аударылса, ішкі туризмді дамыту, туристік-өлкетану бағытында тәрбиелеу, зерттеу жұмыстары кешеуілдеп қалуда.

Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық санасы төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққанннан бастап, есі кіргенде санасына қалыптастыру, яғни балабақшадан жоғары қарай сатылай дамыту керек. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы және ересектерге экологиялық білім мен тәрбие берудің бірден-бір құралы туристік өлкетану іс-әрекеттері.

 

11 емтихан билеті

«Сән әлемі» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.

Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жа­ңа­рып отыру дегенді білдіреді. Дегенмен біле білсек, «сән­дік», «сәндену» деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еу­ро­пада пайда болған. Ер адамдар пілдердің, мүйіз­­тұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей бұйымдар жасап, мойындарына тағып, терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән түріне айналдырған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын ең алдымен – теріден, кейін матадан тігілген бел­дем­шелер пайда болып, Вавилонда шәлі тағып, жейде кию жиілей бастаған. Темір дәуірі жақындаған сайын сән әлемі дами түсіп, гректер белдік атаулыны ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, халаттар тігіліп, еркектер – алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге ай­нал­дырады. Осылайша, сонау ХІV ғасыр, нақтырақ айтқанда 1350 жылдары, Франция мен Италияның су­рет­шілері «сәндік» іздеп, гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемі» келген. Франция, Италия, Англия, Ис­па­ния, Америка сынды елдерде уақыт оздырмай, жыл­дам дамып отырған «мода» 1900 жылдары болашақ Кеңес үкіметінің қол астында болған елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары жарық көрген. Ал Коко Шанельдің «кіш­кентай қара көйлек» ұғымы 1926 жылы пайда болған. Әри­не, айта берсек, Бруно Банани, Викторияс Сикреттің дә­уірі басталғалы біраз болды.