«Қызыл кітап» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
№ 9 емтихан билеті
«Қорықтар» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.
«Табиғи ресурстар» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
№ 10 емтихан билеті
«Ұлттық парктер» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
Қорықтық аймақ, шоқылар, сулы – батпақты жер, көгал, өзен алқаптары, астық тұқымдас өсімдіктер, шабындық, бұлан, елік, борсық, орман суыры, ақтиін, құр мекендейді.
Көкшетау ұлттық табиғи саябағы – Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде орналасқан қорықтық аймақ. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандыры аумағында орналасқан.
Құрамы: Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары кіреді. Жерінің аумағы 586,8 мың га, оның 97,7 мың гектары –жайылым, 7 мың гектары шабындық, 289 мың гектары жыртылған, 25 мың гектарын сулы-батпақты жерлер алып жатыр. Климаты – тым континенттік, қысы суық, қарлы, жазы қоңыржай. Орман арасындағы көгалдар мен өзен алқаптарын астық тұқымдас өсімдіктер басқан. Саябақта 200-ге жуық археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар мен көне заманғы елді мекен орындары бар.
Саябақтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі: көне дәуірдің қынасы мен қырыққұлағы, қазіргі заманның ағашы мен бұталы өсімдіктерінің астында жатыр. Жануарлардан: бұлан, елік, борсық, түлкі, орман суыры, қасқыр, орқоян, ақтиін, құр мекендейді. Оларды аулауға тыйым салынған. Саябақтың бір бөлімінде ағаш кесуге, жануарлардың санын реттеу үшін аң және балық аулауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, мұнда биотехнологиялық жұмыстар жүргізіледі: жабайы аңдарға арнап пішен, ағаш жапырақтары мен бұтақтары дайындалады, тұз себілген алаңдар жасалады. Саябақ жерінде туризм жақсы дамыған.