«Жануарлар әлемі» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
Жануарлардың көне атаулары, сирек қолданылатын, жануарлар құрылысы, бір жасушалы организмдер, балдырлар, жануарлардың дамуы, қоршаған орта, эволюциялық дамуы, құрлық жануарларының арғы тегі, су жануарлары, жануарлардың табиғаттағы маңызы.
Жануарлардың көне атаулары — жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Таулы-тасты жерлері аласа таулы жоталардан басталып, Алтайдың тайгалы ормандары мен Тянь-Шанның қарлы шыңдарына ұласады; сулары - Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Марқакөл көлдерінен және Жайық, Сырдария, Шу, Іле, Қаратал,Ертіс, Есіл, Тобыл сияқты тасқынды өзендер мен жылғалардан тұрады. Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді.
«Өнер-білім» тақырыбында мақал-мәтелдер айтып беріңіз.
1. Өнерлі өрге жүзеді.
2. Өнерліге өлім жоқ.
3. Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
4. Оқу - білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы,
5. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
№ 8 емтихан билеті
«Өсімдіктер әлемі» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
Өсiмдiктердiң түрi балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар, жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер, мәдени дақылдар, табиғи аймақтар, өсiмдiктер дүниесi, орманды далалық, дала, шөлейт, жылауық қайың, итмұрын, тобылғы, далалық шие, астық тұқымдас шөптер
Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы — саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы — қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер және 6 мыңнан астамы — жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер. Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы түрлердiң 4,8%-ы эндемик болып табылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн — эндемиктер. Өсiмдiктердiң Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлi. Республиканың осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биол., экол., эвол. ерекшелiктерiне байланысты әр түрлiбiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.Қазақстанның жазық бөлiгi орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерiне (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақ — республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр, 54Әс.е-тен жоғары Көкшетау мен Петропавл қ-ларының маңында орналасқан. Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар.Бұл белдемнiң шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық ететiн қауымдастықтар таралған.