«Су ресурсы» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 млрд. текше метр ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады.
Су экологиясының ең үлкені – ауыз су тазалығы екендігі белгілі. Әр адам тәулігіне 2 – 4 литрден су қолданса, жылына бір адамға 100 м су қажет екен. Ірі қалаларда әр адамға тәуліктік су сұранысы 0.2 – 0.3 м болып отыр, ал дүние жүзі бойынша жылдық сұраныс 3500 м және жылдан жылға өсуде. Сонда адамзатқа су жете ме?
Жер – біздің, адамзаттың ортақ үйі. Оны таза, әсем, ұқыпты ұстау біздің адами борышымыз. Жер-Ана бір күнге қолдана сала, лақтырып тастайтын күнделікті қолданбалы, тастамалы зат емес. Оны мен де, сен де, балаларымыз да, олардың ұрпақтары да пайдалануы тиіс. Жердің, судың, ауаның қожасы жоқ. Ол бүкіл жер шары халықтарына ортақ дүние.
Қысқасы, қазақ даласының табиғатын аялау, күту өзіміз үшін керек.Ол байлық көзі, ұлттық ұғым түсінігіміздің, менталитетіміздің негізі.
Ендеше табиғатты сақтау, мәпелеу – біздің ұлттық міндетіміз. Ел тағдыры – экологияға да келіп тірелген тұсқа келдік. Бірлесіп күш салайық.
№ 7 емтихан билеті
«Қазба байлық ресурстары» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
Минералдық ресурстар, әлемдік қор, темір кені, қорғасын, мыс, темір кені, қалайы, табиғи газ, мұнай, көмірсулар, мұнай өндірі, кен орыны, газ қоры, минералдық-шикізат ресурстары.
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс, цинк бойынша екінші, марганец және малибден-үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын-алтыншы, темір кені-жетінші, қалайы мен никель- сегізінші, көмір мен табиғи газ-тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазір Қазақстан көмірсуларының қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газ конденсат-15, мұнай өндіру-23 орында. Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғандамұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл айын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орынындағы табиғи газ қоры1,3 триллион куб метрді құрайды. Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Қазақстанның үлесіне барланған әлемдік мұнай қорының 2%-ына дейін келеді. 200-лен астам мұнай мен газ кен орыедарыныңөндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. Казақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдық-шикізат ресурстары жеткілікті.