«Өнер шеберлері» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
Қанафия Темір-Болатұлы Телжанов Омбыда 1927 жылы 1 мамырда Көкшетау облысындағы Телжан ауылының беделді руына жататын отбасында дүниеге келген.
Қазақстан бейнелеу өнері дамуы тарихында жаңа бір кезең ашты.
Қанапия Телжанов 1953 жылы Ленинградтың Репин атындағы живопись, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген. Ол- композициялық ойлау мен этюд құрастыру бойынша шебер суретші.
1954 жылы салынған «Жамал» атты шығармасы ең таңдаулы шығармаларының бірі болып табылады. Суретте жас қазақ қызының сымбатты дене бітімі өте әсерлі берілген. Көк майса үстінде ойға шомған қыз бала суреті. Алыстан жайылып жүрген мал көрінеді. Сол жақта – киіз үйдің жанында демалып отырған қойшылар. Қыздың алдында тамақ пісіп жатқан қазан. Осындай тамаша көрініс бейнеленген . Суреттен жастық арман тақырыбы анық көрінеді. Бұл шығарманың ұлттық өзіндік бейнесін суретші нәзік, жеңіл колоритпен композицияның нақтылығы, түсініктілігі арқылы берген. .
1967 жылы Монреалда Қазақстанға арналған күндерде осы картина көрменің төрінде тұрды. Сол жылы шығарманы Третьяков галереясы сатып алды.
Жиырма жылдан астам уақыт бойы Қанафия Телжанов КСРО суретшілер қоғамына мүше болды, бірнеше мәрте Жоғарғы Кеңес депутаты болды.
М.Б. Греков атындағы күміс медаль иегері, «Құрмет белгісі» ордені, Еңбек қызыл Ту ордені және «Отан» орденін кеудесіне тақты. Бүгінгі күнде Қанафия Телжанов Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жетекшісі.
№ 5 емтихан билеті
«Өнегелі ғұмыр: А.Құнанбаев» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
«А.Құнанбаевтың еңбектері» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.
№ 6 емтихан билеті
«Табиғи ресурстар» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.
«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.Табиғи ресустардың планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.