«Тұсау кесу» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.

Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ.

Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.

 

«Еңбек» тақырыбында мақал-мәтелдер айтып беріңіз.

Рахат түбі — кейіс,

Бейнет түбі — кеңіс.

 

Ер дәулеті — еңбек.

 

Келген дәулет,

Кеткен бейнет.

 

Ер еңбегіне бір тойсын.

 

Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

 

Қолы қимылдағанның

Ауызы қимылдар.

 

Еңбегіне қарай, өнбегі.

 

Жас кезімде бейнет бер

Қартайғанда дәулет бер.

 

Еңбек ерлікке жеткізер.

Ерлік елдікке жеткізер.

 

Еңбек ет те, міндет ет.

 

4 емтихан билеті

«Өнер» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.

Қазақ халқының аса құнды сәндік, көркемдік мұралары- дарынды шеберлер жасаған көркемөнер шығармалары. Олар халық өнерін одан әрі оқып үйренуге қажетті материал ретінде де, сәндік өнерді қазіргі заман талабына сай дамыту үшін де кеңінен пайдаланылады.

Халықтың қолданбалы өнерінен үйренеріміз көп, ол әмбепан. Оны бұл қасиетті қазақ өнерімен таныс емес шетелдіктер де түсініп бағалайды.Қазіргі кезге дейін сақталып келген, басқа халықтар да пайдаланған ескі де негізгі техника- апликация бүгінде кеңінен пайдаланылады.

Қазақ халық өнерінде өрнекті фигураларды киізден, матадан, теріден ойып алатын болған. Ал қазіргі кезде бұл өнер коллаж жұмыстарында пайдаланылады.

Ұлттық өнер оның ішінде ұлттық ою-өрнектер қазіргі таңда эстетикалық тәрбие мен көркем білім беруде мектептерде кеңінен пайдаланып жүр.
Бұл қасиетті қазақ өнерімен таныс емес шетелдіктер де бір қарағанда түсініп, бағалайды. Қазақтың халықтық қолөнерінде әрбір қазақ қызы, әйелі өзінің тұрған үйін безендіре білген. Олардың шебер де қамқор қолынан киіз басу, кілем тоқу, құрақ көрпе-төсек, қоржын мен ыдыс-аяқ қаптары, құрақ жастықтар және тағы басқа жасау келеді.

Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи немесе жасанды заттар. Кейбір материалдар өндеуді талап етеді. Мысалы: алтын мен күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу, т.б. жұмыстар. Сәндік қолданбалы өнер кескіндеме мен мүсіндеу өнерімен тығыз байланысты. Осының барлығын ою-өрнекпен безендіреді.