«Діни мерекелер» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

1 емтихан билеті

«Инновациялық технологиялар» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиет сабағында электорнды оқулық, яғни, мультимедиялық оқулықтарды пайдалану – бала таным көкжиегін кеңейтуге, замана көшін сезінуге жетелейтін технология. Электронды оқулықпен оқытудың оқытудың негізгі мақсаты – ақпараттық ізденіс қабілеті мен танымдық белсенділігін арттыру, ойлау жүйесін қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасау. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге көп көмектеседі. Әдебиет сабағында көлемді тақырып өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, көріністер, дыбыс және музыка арқылы көрсетуге болады.

«Танымал ғалымдар» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

«Отан, туған жер» тақырыбында мақал-мәтелдер айтып беріңіз.

Жұрт дегенде жұмылып,

Ел дегенде егіліп.

 

Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ.

 

Түгел сөздің түбі бір,

Түп атасы Майқы би.

 

Е, құдайым, би қыл,

Би қылмасаң, би түсетін үй қыл.

 

Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

 

Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

 

Адам елінде көгерер,

қоға көлінде көгерер.

 

Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

 

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

 

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

 

 

2 емтихан билеті

«Дін және діни таным» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.

«Діни мерекелер» атты тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

Айт – мұсылмандардың діни мерекесі. Ол ораза айты, құрбан айты деп аталады. Ораза айты отыз күн ораза біткеннен кейін болады.

Құрбан айты – мұсылмандардың бас мейрамы. Бұл әр жыл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. Құрбан айты үш күнге созылады.

Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, аруақтарға бағыштап мал сояды, яғни құрбан шалады. Әрбір пенде өзінің Алла тағалаға рухани жақындығын, яғни қалтқысыз адалдығын көрсету үшін белгілі бір уақытта шалынатын мал құрбандық малы делінеді. Қой, ешкі сияқты ұсақ малды бір адам, сиыр, түйені жеті адам бірігіп құрбандыққа шалуына болады. Құрбандыққа ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды шалуға болмайды. Құрбан шалушы адамдарға Құрбандық қабыл болсын – дейді.

Айтта адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттықтайды. Ашу, араздық болса, татуласады. Айт күні, ораза кезінде қайтыс болған адамдар жақсы, иманды деп саналады.

 

3 емтихан билеті

«Ұлттық салт -дәстүрлер» тақырыбында шағын мәтін құрастырыңыз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойды-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер. Еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болмайды.

Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілдік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы – салт-дәстүрлерден өзікті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады.