Э кологиялық жағдайлар.
· Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.
· Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.
· Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.
· Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді
· жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.
Қорытынды.
Қорытындылай келе біздің еліміздің бир табиғаты ретінде, табиғи ресурсы ретінде Каспий теңізінің экологиялық жағдайы қазіргі таңда көптеген елді алаңдатып отыр. Себебі, жоғарыда атап өткендей Каспий теңізінің жағдайы нашарлауда. Осыған карсы кұрес шаралары көптеп жүргізілуде.Каспий теңізінің тұздылығы күннен күнге көбейіп келуде. Осы жағдайлармен күрес шаралары жүргізіліп жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т.Есполов, Ж. Шілдебаев Экология және табиғатты тиімді пайдалану, Алматы.-2004,328 бет.
2. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атам.ра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
3. «Ғаламтор желісі»
4. «Экология» оқулығы
Жоспары
I. Кірспе
II. Негізгі бөлім
а) Каспий теңізінің жалпы жағдайы
ә) Экологиялық жағдайы
б) Табиғаты
в) Тұздылығы
ІІІ. Қорытынды