Қазақстан-Ресей медициналық университеті
Қоғамдық денсаулық сақтау мен профилактикалық медецина курсы
СОӨЖ
Тақырыбы: Солтүстік Каспий теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы
Орындаған : Молдабекова Ж.Р.
Тексерген : Джадигеров А.С.
Факультет : 105 «А»
\
Алматы 2015
Каспий теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы
Каспий теңізі - Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспий қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.
Каспий жағалауындағы мемлекеттер
Каспий теңізі неоген дәуірініңаяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңіздейбөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің нсағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан Үлесіне 29% (2340 км),Ресейге - 16%, Әзербайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.
Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құнды. Олардың теңізге құятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзені- нің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ. Қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүсігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат тайпасы бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген.
Каспий теңізінің су көлемінің азаюы Сары түстісі бұрын болған көлемі
Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңқыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 м, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстік анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы(73 км2) және Морской(65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңқыстау, Түпқараған, Бозашы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңқыстаумен Қазақ шығанақтарыбар. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км.[1]
· Ірі шығанақтары: Маңғыстау шығанағы, Қазақ шығанағы, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, тағы басқа).
· Ірі түбектері: Маңғыстау түбегі, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.
Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.
Климаты.
Теңіз екі климаттық белдеуле орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті климатта, оңтүстік батысы — құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азияшұғыл континентті климаттар арасында жатыр. ЖаздаКаспийтеңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура 240о-260оС. Қыста температура өзгеше. Солтүстігінде қысы аязды болып келеді. Қаңтарайының орташа температурасы -7-11оС. Орта бөлігінде 10о-50оС, ал оңтүстікте 8о-10оС. Қаңтардың ең төменгі температура -38оС-қа жетелі. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетелі. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температура солтүстігінде -1о-тан 0о-қа дейін, оңтүстігінде 10о-11оС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде 240С, ал оңтүстікте 28"С-қа дейін көтеріледі. Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 және 26,6 м көрсеткіштен айнымалы. 1929 жылдан 1977 жылға дейін деңгейдің күрт төмендеуі (-29 м) байқалды. 1978 жылдан бастап Каспий қайта көтерілді, 1995 жылдың басында - 26,5 м-лік көрсеткішке жетті. Жағалауды теңіз суы қайта басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайықсағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозашы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы Қарабұғазкөл Шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты.
Судың тұздылығы- Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2%о болса, орталық бөлігі 10-12%о-ге дейін көбейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14%о болады. Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа (белуга) үзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетелі, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) үзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға дейін жетелі. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ау даналы.
Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады.
Каспий албырты(лат. Salmo trutta caspіus) – албырттар тұқымдасының бір түр тармағы.... мақаланы толығымен оқу | Каспий итбалығы(лат.Phoca caspіca) –ескекаяқтылар отряды,итбалық тұқымдасына жататын аң. Оны қазақтілінде түлен деп те атайды... мақаланы толығымен оқу | Каспий қаязы(лат.Barbus brachycephalus caspіus) – Арал қаязының түр тармағы, өткінші балық.... мақаланы толығымен оқу |
Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейімөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды.
Қазіргі заманның балық шаруашылығы — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның,Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан беріАтыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. [[|Балық уылдырығы|Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады.Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өндіретін және оны кайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.