№15 тақырып. Модульдер. Модульдер құрылымы. Модуль тақырыбы және модульдердің бір-бірімен байланысы.

Жоспары:

1. Модульдер. Модульдер құрылымы

2. Модуль тақырыбы және модульдердің бір-бірімен байланысы

3. Интерфейстік бөлік

4. Орындалатын бөлік

5. Инициализацияланатын және аяқталатын бөлік

6. Модульдегі хабарланған объектілерге кіру мүмкіндігі

Модульдер

Модуль – бұл интерфейстік бөлімнің әртүрлі компоненттерін қамтитын дербес компиляцияланатын программалық бірлік. Интерфейстік бөлікте объектілердің пайда болуы олрды негізгі программаның басқа модульдері үшін мүмкін жасайды. Процедуралар мен функциялардың денесі пайдаланушыдан жасырылған модульдің орындалатын бөлігінде орналасады. Delphi – де модульдердің ролі тек жеке компиляциялау механизмімен ғана шектелмейді. Delphi әрбір программаға қосылатын тереземен жеке модульді байланыстырады да, осындай тәсілмен жеке программалық бірлік үшін терезенің барлық қасиетін сақтайды. Біз атап өткеніміздей, негізгі программа: программада пайдаланылатын барлық модульдердің тізімінен және қажетті терезені құруды қамтамасыз ететін бірнеше орындалатын операторлардан тұрады, сондай-ақ, Windows жүйесімен программаның байланысын қамтамасыз етеді. Программаның барлық негізгі жұмысы программада сақталған кодпен басқарылады.

 

 

Модульдер құрылымы

Модульдін құрылымы төмендегідей:

Unit <атау>;

Interface

< интерфейстік бөлік >

Implementation

<толықтырылатын бөлік>

 

 

Finalization

<аяқталатын бөлік>

End;

Мұндағы Unit – қызметші сөз (бірлік); модуль тақырыбын бастайды; <атау> - модуль атауы(дұрыс идентификатор); Interface – қызметші сөз(интерфейс); модульдің интерфейстік бөлігін бастайды; Implementation – қызметші сөз(толтыру); орындалатын бөлікті бастайды; initialization қызметші сөз (инициализация); модульдің инициализацияланатын бөлігін бастайды; finalization – қызметші сөз (аяқтау); модульдің аяқталатын бөлігін бастайды; еnd – қызметші сөз, модульдің соңы дегенді білдіреді.

Сөйтіп, кез келген модуль тақырыптан және төрт құрамдас бөліктен тұрады, олардың кез келгені бос болуы мүмкін.