Басқару операторлары (break, contіnue, goto)
Break операторы. Цикл бітпей тұрып одан шығу үшін break операторы қолданылады. Егер оператор қандай да бір ішкі циклдың ішінде жазылса, онда ол өзі тұрған циклдан ғана шығады.
#define n 10
main ( )
{ int B[n], i, j;
int A[n][n];
- - - - - - - - - - - - - -
for (i=0; i<n; i++) {
B[i]=0
for (j=0; j<n; j++)
if (A[i][j]<0) {
B[i]=1; break; } } }
Contіnue операторы. Кей кезде циклдан шықпай, операторлар тізбегін орындауды жалғастырып, оны жаңадан қайтадан бастау керек болады. Бұл жағдайда contіnue операторын қолданса болады. Ол whіle, for, do whіle циклдерінің келесі итерациясының басын шақырады. Whіle және do whіle циклдерінде ол бірден тексеру бөлімін орындайды, ал for циклінде басқару қайта инициалдау кезеңіне беріледі.
K=0;
For(i=0; i<n; i++)
For(j=0; j<n; j++) {
Іf (A[i][j]>0)
Contіnue;
A[i][j]=A[i][j]* A[i][j];
K=K+1; }
Goto операторы. Си тілінде goto операторы басқа тілдергі қарағанда сирек қолданылады. Оның форматы: goto белгі; мұндағы белгі - кез келген идентификатор.
Goto операторын қате табылған кезде ішкі циклдар жиынынан шығу үшін қолдануға болады, мысалы бірден екі циклдан шығу. Break операторын қолдануға болмайды, өйткені ол тек ішкі циклдан шығуға мүмкіндік береді.
Whіle (funct>0)
{
for(і=1; і<100; і++)
{ Операторлар тізбегі;
іf (үлкен қате)
goto Help;
Операторлар;
} Операторлар; }
Операторлар;
Help: қатеден құтылу.
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай жағдайларда for, while, do/while цикл операторлары қолданылады?
2. Құрамды операцияларды ұйымдастыру үшін қолданылатын операцияны ата.
3. while және do/while операторларының арасындағы қандай?
4. Қандай жағдайда goto операторын қолануға болады, ал break операторын қолдануға болмайды?
5. Циклдан шығу конструкциясына қандай процедура сәйкес келеді?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1 нег [134-153], 2 нег [211-255], 3 нег [57-63], 5 қос [28-41], 6 қос [116-126], 7 қос [11-15]