№4 тақырып: Басқарушы құрлымдар. If, If-Else шартты операторлары, логикалық операциялар, таңдау операторлары
Жоспары:
1. Логикалық операциялар.
2. If-Else шартты операторлары
3. Таңдау операторлары
Си тілі таңдау құрылымының үш типін келтіреді. If таңдау құрылымында қайсібір әрекет не орындалады (таңдалады), егер шарт ақиқат болса, не өткізіледі, егер шарт жалған болса. If/else таңдау құрылымында кейбір әрекет орындалады, егер шарт ақиқат болса және басқа әрекет орындалады осы шарт жалған болса. Switch таңдау құрылымында қайсібір өрнектің мәніне байланысты әрекеттер жиынтығының ішінен біреуі орындалады.
If құрылымы жалғыз таңдауы бар құрылым деп аталады, өйткені онда бір әрекет таңдалады немесе өткізіледі. If/else құрылымы екі таңдауы бар құрылым деп аталады, өйткені онда екі альтернативті әрекеттің арасында таңдау орындалады. Switch құрылымы көп таңдауы бар құрылым деп аталады.
If таңдау құрылымының жалпы түрі:
Іf (өрнек) оператор1;
If/else құрылымының жалпы түрі:
Іf (өрнек) оператор1;
Else оператор2;
Егер өрнек мәні ақиқат болса (нөлден өзгеше болса), онда оператор1 орындалады, керісінше жағдайда оператор2 орындалады.
Си тілінде If/else құрылымымен тығыз байланысқан (?:) шартты операциясы қарастырылған. Бұл операторға үш операнд қажетті. Шартты операциясымен бірге операндтар шартты өрнекті құрады. Бірінші операнд шарт болып табылады, екінші операнд барлық шартты өрнектің мәні болады, егер шарт ақиқат болса және үшінші операнд барлық шартты өрнектің мәні болады, егер шарт жалған болса. Мысалы,
x>y ? printf(“max=%d\n”, x) : printf(“max=%d\n”, y);
If/else бірінің ішіне бірі енген құрылымдар құрамды шарттарды тексеру үшін пайдаланылады, сондай-ақ If/else бір құрылымдар If/else басқа құрылымдардың ішіне орналастырылады.
Келесідей жазылу түрін келтірейік:
Іf (өрнек1) оператор1;
Else іf (өрнек2) оператор2;
Else оператор3;
Егер өрнек1 ақиқат болса, онда оператор1 орындалады. Егер өрнек1 жалған болып, өрнек2 ақиқат болса, онда оператор2 орындалады. Екі өрнек те жалған болған кезде оператор3 орындалады.