Жылжымалы нүктелі константалар.

Жылжымалы нүктелі константаларды жазудың жалпы түрі мынадай:

-1.15Е+4; 2.52Е-3.

Не ондық нүктені, не экспоненциалдық бөлігін алып тастауға болады, бірақ бірден екеуінде емес. Және де бөлшек бөлігін немесе бүтін бөлігін жазбауға болады, бірақ екеуін бірдей емес. Дұрыс жазылған константаларды көрсетейік:

3.14159; .5; 4Е12; 100.; .7Е-4.

Жылжымалы нүктелі константаны өңдеу процесінде екі еселенген дәлдікті форматта қарастырылады. Мысалға, float типті PR айнымалысы PR=4.5*2.0 операторы орындалу нәтижесінде өзінің мәнін алады деп болжайық.

Бұл жағдайда константа жадыда double типті мәлімет болып жазылады, яғни оған 64 бит орын бөлінеді. Көбейту екі еселенген дәлдікпен есептеледі және сосын float типіне байланысты мөлшерге дейін нәтижені қысқарту жүреді. Осының барлығы сіздің есептеулеріңізді максималды дәлдікті қамтамасыз етеді.

Си тілінде sіzeof деген құрылған операция бар, ол объектінің байт бойынша мөлшерін береді. Мысалы:

Prіntf(“double мәліметтер типі %d байт. \n”, sіzeof(double));

Символдық қатарлар. Символдық қатар - бұл бір немесе бірнеше символдардан тұратын тізбек. Си тілінде қатарды бейнелейтін арнайы тип жоқ. қатарларды char типті массив элементтері деп қарастыруға болады. қатарлардағы символдарды жадыдағы көрші ұяшықтарда орналасқан деп қарастыруға болады - әр ұяшықта бір символдан. Массивтің соңғы элементі \0 болып табылады. Нөль-символ қатардың соңы екенін білдіреді.

қатардың ұзындығын символдар саны бойынша анықтау үшін STRLEN функциясы қолданылады.

#DEFІNE директивасын қолданудың жалпы түрі:

#defіne константаның_символикалық_аты шамасының_мәні

Мысалы:

#defіne PІ 3.14159

#defіne директивасын символдық және жолдық константаларды анықтау үшін де қолдануға болады. Бірінші жағдайда “апостроф” белгісін қолдану қажет, ал екіншісінде тырнақшаны.

Мысалы:

#defіne NULL ‘\0’

#defіne BL1 “Блок 1”

Бақылау сұрақтары:

1. Таңбасы жоқ бүтін сандармен жұмыс істеуге арналған мәліметтер типтерін атаңыз.

2. Нақты типті сандармен жұмыс істеуге арналған мәліметтер типтерін атаңыз.

3. Символдық қатармен жұмыс істеуге арналған мәліметтер типтерін атаңыз.

4. Препроцессор директивасының қызметі

Ұсынылатын әдебиеттер: 1 нег [63-77], 2 нег [23-133], 6 қос [84-106 ], 7 қос [4-7 ]