ASDP 1216- «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау»

  Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Казахский экономический университет им. Т. Рыскулова  

« Инженерлік-экономика » факультет і

« Қолданбалы информатика » кафедра сы

Дәрістік кешен

 

ASDP 1216- «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау»

пәні бойынша

5В070300- «Ақпараттық жүйелер»

мамандығының студенттеріне арналған

 

Алматы, 2012ж.

Дәріс №1

Тақырыбы: Алгоритмдеу негіздері. Алгоритмдердің қасиеттері. Блок-схемалар. Программалау тілдері.

Жоспары:

1. Алгоритм, программа түсінігі.

2. Алгоритмнің қасиеттері.

3. Алгоритмдерді жазу жолдары

4. Блок – схемалар

5. Алгоритмдерді бейнелеу блоктары

6. ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері

7. Программалау тілдері

 

Түйінді сөздер: алгоритм, программа, блок – схемалар, программалау тілдері.

ЭЕМ-ді пайдалану істерін қарастырмас бұрын оның жұмысымен тығыз байланысты алгоритм, программа ұғымдарын білуіміз қажет.

Алгоритмберілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді ЭЕМ-де орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу. Программа машинаға түсінікті командалардан тұрады. Осы

Алгоритм қасиеттері

Алгоритм ұғымының мәнін ашатын негізгі қасиеттерінен немесе оған қойылатын талаптардан қысқаша мағлұматтар келтірейік. ЭЕМ-де орын­далуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады:

1) ол анық әрі дәл өрнектелуі тиіс;

2) алгоритм шектелген уақыттан соң нәтиже беруі тиіс, яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;

3) бір тектес есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс;

4) алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болуы қажет.

Алгоритмдерді жазу жолдары

Алгоритмдерді ЭЕМ-де орындау үшін оларды алдын ала жазып алу керек, яғни ол белгілі бір заңдылықпен өрнектелуі тиіс. Жалпы алго­ритмді жазып өрнектеу түрлеріне:

1) табиғи тіл арқылы жазу;

2) графика жолымен жазу (Блок – схемалар);

3) алгоритмдік тілдермен жазу жолдарын жатқызуға болады.

Блок – схемалар

Блок – схема – арнайы геометриялық фигуралар, нұсқамалар арқылы орындалатын әрекеттер мен олардың орындалуы ретін көрсететін графиктік схемалармен берілетін алгоритм.

Блок – схема алгоритмді сипаттаудың графикалық тәісілі. Блок – схема деп, бағытталған байланыс нұсқамалармен геометриялық фигуралар формасында алгоритмді графикалық түрде жазуды айтады.

Алгоритмдерді бейнелеу блоктары

 

Іс-әрекеттің аты Блоктың пішімі Атқаратын жұмысы
    Процесс       Математикалық өрнектерді есептеу
  Басы – соңы       Алгоритмдерді бастау, аяқтау
  Алдын ала анықталған процесс (подпрограмма)     Қосалқы программаларға кіру және шығу
    Шешім     Есеп шығару жолын таңдау
  Енгізу-шығару       Мәліметтерді енгізу және шығару

 

 

    Модификация         Цикл басы
  Құжат     Нәтижені баспаға (қағазға) шығару
    Түсініктеме         Схеманы, формулаларды түсіндіру

 

Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш түрлі бірыңғай құрылымға – сызықтық, тармақтық және циклдік болып үш топқа бөлінеді. Енді соларды қарастырайық.

ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері

ЭЕМ-де есеп шығару күрделі процесс болып есептеледі, ол төмендегі кезеңдерден тұрады:

1. Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу, яғни есепті мәселе ретінде қоя білу.

2. Есепті шығарудың ЭЕМ-ге ыңғайлы сандық тәсілдерін анықтау.

3. Есепті шығару жолын алгоритм түрінде бейнелеу.

4. Есепті ЭЕМ-де шығару программасын жасау және оның қателерін түзету.

5. Есепке керекті мәліметтер дайындау.

6. ЭЕМ-де есепті шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.