Индивид үшін айналасындағылардың пікірі маңызды, әрі мәнді, соған еліктеуде индивидтің «Мен» сезімі дамиды. Мұны«айналық «Мен» деп атайды.

Өзге адамдар – бала үшін айна, олармен үнемі қарым-қатынаста болумен оның өзіндік «Мені» қалыптасады, яғни «айналық «Мен» айналасындағы адамдармен индивидтің өзара әрекеттестік нәтижесінде қалыптасады.

«Айналық «Мен» баланың өзіндік санасының маңызды элементі. Осының арқасында оның өзіндік бағалауы, өзіне айналадағылардың көзімен қарау білігі қалыптасады.

Өзін қоршаған адамдардан өзін саналы белгілеуге үйретеді, мұнымен қоса, өзінің «Меніне» мақтанышы, құрметтеуі немесе керісінше кемсінуі жасалады.

Алғашқы топтардағы әлеуметтік өзараәрекеттестіктің уақыт өткен сайын кеңеюі субъективтік «Мен» барынша тұрақталып, белгіленіп қалады. Соған байланысты индивид айналасындағылардың талаптарына байланысты өзін-өзі тексеру сезімі жасалынады және ол әлеуметтік топ нормасы мен құндылықтарын меңгерумен байланысты болады.

Ч.Кулли ұсынған тұжырымдаманың жағымды жағы оның адамның «Мен» қалыптасуын әлеуметтік топтардағы өзараәрекеттестік нәтижесі деп қарауында болды. Дегенмен, алғашқы топтардың мәнін индивидтің әлеуметтенуінде маңызды рольін абсолюттендіріп жібереді.

Дж.Мид (1863-1931жж) Ч.Кулли сияқты индивидтің әлеуметтенуі әлеуметтік өзараәрекеттестікке айырықша мән береді. Бірақ, оның айырмашылығы өзараәрекеттестік кезіндегі символдар мен ым-ишара рольді барынша ашуға талпынады.

Дж.Мид адам санасының ерекшелігі симолдарды пайдалану қабілеті мен оларға бара-барлықты талдап беруде деп білді. Американ ғалымының пікірінше, өзара түсіністік пен өзараәрекеттестікті келісілгендік балалық шақта өзгелер рольін өзіне қабылдай алуының қалыптасуынан деп түсіндіреді. Оның пікірінше, бұл қабілеттерді қалыптастыруда балалар ойынының маңызы зор. Ұжымдық ойынға ену өзіне белгілі бір рольді қабылдауды оятады, тәжірибе жинақтау барысы мен ересектену барысында ол ойын процесінде ойынға қатысушы адамдардың бірнеше рольін өзіне алады.

Сонымен қоса, оның ақыл-парасаты мен өзіндік санасы дамиды. Бала әлеуметтік топтың нормалары мен құндылықтарын, талаптары мен өзіне деген мақсатын барынша кең меңгереді.

Кемеліне келген «Мен» белгілеріне «өзгенің талдап, қорытылған» рольін өзіне қабылдаудағы индивид қабілеті. Мид оны ұжымдық талап пен мақсаттың сол индивидке қатысты талдап, қорытылған образы деп түсінді.

Индивид әлеуметтік топтың мақсаты мен құндылығының белсенді мүшесі ретінде онда өзінің субъективті «Менін» саналы меңгеруімен тұлға ретінде қалыптасады. Сол кезеңнен бастап ұжымның басқа мүшелерімен бірдей топтың жалпы мәселелерін шешуге қатысып, топтың жалпы жұмысы мен қызығушылығына тұтастай бөлісе алады.

Француз ғалымы Г.Тарда пікірінше, әлеуметтенуге мыналарды ендіреді:

1)еліктеу;

2)ұқсастыру;

3)басқару.

Дегенмен,бұл механизмдер барынша бай және әр түрлі. Тұлғаның әлеуметтенуі түрлі қарым-қатынас түрлері (көпшілік, топтық, тұлғааралық, іскерлік, формальды емес),көпшілік ақпараттық құралдар, мәдениет әсері арқылы жүзеге асады.

Әлеуметтену мазмұны әлеуметтік институттар, экономикалық ,қоамдық, соның ішінде отбасы, балалар мекемелері, мектептер ,формальды емес топтар, арнайы ұйымдар және т.б. сияқты негізгі параметрлерге де байланысты.

Әлеуметтену тиімділігі оның адамгершілік, мәдени, экономикалық жағдайына негізделеді. Әлеуметтік институттардың тұлғаға әсер күші авторитеттік-референттікке байланысты. Дегенмен, басымдылық артықшылық отбасына беріледі. Отбасының тұлға әлеуметтенуіндегі рольі ерекше. Отбасынан тыс тәбиеленетін бала бейімсіздіктен, эмоциональдық контактінің бұзылуынан, топтық пара-парлықтан шаршайды.

Әлеуметтену процесі дене, анатомиялық-физиологиялық, сенсорлық, эмоциональдық, танымдық және тұлғаның әлеуметтік дамуы сияқты белгілі бір циклдарға байланысты. Әлеуметтену кезеңін адамның түрлі өмір сүру кезеңінде болатын адам дамуы мен өзіне тән әлеуметтік ситуацияларымен түсіндіріледі.

Әлеуметтену кезеңін анықтаудың түрлі тұрғылары бар. Әлеуметтік тұрғыда әлеуметтену үш сатыда болады деп бөледі. Олар:

Әлеуметтену кезеңінде психоаналитикалық көзқарастарды ескерген жөн. Олар: әлеуметтенуді алғашқы, маргинальді, тұрақты, статусын жоғалтумен байланысты әлеуметтенулер.(зейнетке шыққаннан кейінгі жағдай).

Әлеуметтенудің алғашқы кезеңібаланың әлеуметтенуі З.Фрейд пікірінше, бұл кезең мыналардан, тұрады:

1) оральдық (туғаннан 2 жасқа дейін) бала әлемі тез айналасына ғана шоғырланады;

2) анальдық (2 жастан 3 жасқа дейін) бала гигиена дағдыларына үйретіледі. З.Фрейд пікірінше, бұл кезең адамның барынша кейінгі дамуын анықтайды;

3)фаллигиялық (4 жастан 5 жасқа дейін). Алғаш рет қарсы жыныстық топтағы ата-аналарға симпатиясы пайда болады. З.Фрейд осы сезімге байланысты дау-дамайды, ұл балалардағыны эдиптік комплекс, қыздардағы электрлік деп аталады. Бұл кезеңді жақсы өткізгендер өздерін ата-аналарына ұқсатады.

З.Фрейдтің пікірінше, негізгі тұлғалық сипаттар осы кезеңде қалыптасады. Сондай-ақ, тұлғаның әлеуметтену процесіндегі бейсаналық рольін абсолюттендірмеу керек. Алғашқы әлеуметтену кезеңінде әлеуметтік рольдер мен ойындық іс-әрекеттерді тану мен меңгеру, күтуге жүйесіне байланысты туу мен беку, оны қанағаттандыру, оған ата-ана тарапынан болатын талап,онымен айналысу сипаттары шешуші мәнге ие.

Маргинальды(аралық немесе псевдотұрақты) әлеуметтену жеткіншектің әлеуметтенуі. Жеткіншек жаста жыныстық жетілу болатыны мен оның ересек адам болғанға дейін жалғасатыны белгілі. Бұл кезең тұлғаның өзіндік беку, топтық ұқсастықпен, балалықтан жеткіншектікке ауысужасымен байланысты.

Тұрақты әлеуметтенубелгілі бір жетістікке жету мен әлеуметтік және тұлғааралық рөлдер кең спектрін орындау үйлесімінде.

Статусын жоғалтуға байланысты әеуметтенуадамның зейнетақы демалысымен байланысты және ол кезеңдегі жағдады ауыр сезінуі мен дезадаптациялануымен түсіндіріледі. Ең жақын адамдардың өмірден кетуі, өмірінің мәнін, организмінің қартаю процесінің кері айналмайтынын, жалғыздық пен қажетсіздікті сезіну ауыр күйзеліске әкеледі. Мұндай жағдайды немере, шөберелеріне сүйіспеншілікпен ауыстыруы оларға күш береді және әлі де қажеттілігін, өмірдің қайталануын сезінуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтенуді әдеттегі жеке процесс деп қарастырады. Әлеуметтенудің әдеттегілігі - әлеуметтік жағдайлармен және тап, нәсіл, этникалық, мәдени айырмашылықтармен байланысты.

Әлеуметтенудің әдеттегі процесс болуы әдеттегі әлеуметтік немесе жас ерекшелік топөкілдеріне ұқсас өтілуі дегенді білдіреді. Жұмыс істемейтін және жұмысында елеулі жетістігі бар адамдардың әлеуметтенуінде айырмашылықтар бар. Қаңғыбас, биш, созылмалы ауру, мүгедек адам туралы да осыны айтуға болады. Эмиграттық өзге тіл, мәдениетіне адаптациялануы, аз ұлтты немесе ұлыстық өкілдері туралы да әлеуметтенуі жайында осыны айтуға болады.

Әлеуметтену жеке процесс ретінде болуы сол тұлғаның өзіне тән ерекшеліктеріне орай туындайды (қабілеті, коммункабельдік, конформдық деңгейі, сыртқы келбеті, бара-бар жеке деңгейі),яғни өз қабілетін дамытуға талпынысы, өзінің өмірлік жолын бірегей деп жете түсінуі.

Адам әлеуметтенуін осы процестің сыртқы және ішкі белгілеріне қарай сырттай демонстрациялауына болады.

Тұлғаның әлеуметтену белгілеріне: әлеуметтік бірдейлік (топтық, жалпыадамзаттық), мақсат, стереотиптер, жалпы әлемдік құндылықтар мазмұнының қалыптасуы, өмір сүру образы, тұлғаның адаптациялануы, оның нормалы әдеттегі мінездері.

Тұлғаның әлеуметтенуінің ең негізгі белгілеріне: тәуелсіздігі, сенімділігі, дербестігі, белсенділігі, комплекссіздігі, азаттық деңгейі жатады.

Тұлға әлеуметтенуінің негізгі мақсатына: А.Маулоуша «қажеттілігін өзін жүзеге асыруын» қанағаттандыруы мен сол мақсатты дұрыс жүзеге асырудағы қабілеттің дамуы жатады. Олай болмаған жағдайда әлеуметтену процесі гуманистік мәнінен айырылып, психологиялық күштеу инструментіне айналады, мұндай жағдай тұлғаның өсуіне емес, өшуіне, «Меннің» жойылуына алып келеді.

Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторларын екі үлкен топқа бөлуге болады:

1)Әлеуметтік - әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени аспектісінің бейнеленуі мен сол мәселенің тарихи, мәдени, этникалық ерекшелігінің қамтылуы.

2)Жеке тұлғалықтұлғаның өмірлік жолын белгілейтін кезеңі.

Отандық психология объективті көрсеткіштерді индивидтің әлеуметтік статусының өзгеруі, жаңа әлеуметтік рольдерді меңгеруімен бірге, субъективті, соның ішінде ұқсастықты да ескереді.

Ұқсастық (идентичность) – бұл басқа индивидтен бірегей дербес, жеке, жүзеге асуын сезінуі немесе басқа топтан топтық құндылықты пайдаланып, өзгешеленуі, бірегей топтың бөлшегі ретінде өзін сезінуі.

Өмірлік цикл - бұл әлеуметтік «Мен» сапалы кезеңінің қалыптасуы ретінде қарастырылатын адамның биограсындағы маңызды негізгі кезеңдері: мектепке дейінгі кезең, мектепте оқуы, студенттік өмірі, үйленуі, отандық борышты атқаруы, мамандық таңдауы, еңбекке орналасуы, зейнетке шығуы.

Өмір сүрудің әрбір кезеңі өзара толықтырып тұратын екі процесс: деәлеуметтену(десоциализация) мен реәлеуметтену(ресоциализация) қоса жүреді.

Деәлеуметтену(десоциализация)бұл ескі құндылық, норма, роль мен мінез тәртібінен арылу процесі.

Реәлеуметтену(ресоциализация)бұл жаңа құндылық, норма, рольдер мен ескінің орнына мінездің жаңа ережелерін үйрену процесі.

Аәлеуметтену(асоциализация) бұл қоғамға қарсы әлеуметтік норма, құндылыққа қарсы негативті роль, мақсат, мінез стереотиптерін меңгеруі, оны қоғамдық байланысында түрін өзгертіп, қоғамның тұрақтылығын бұзуда пайдалануымен түсіндіріледі.

Әлеуметтенуден қалушылық - әлеуметтенудің әр кезеңіне қоғам белгілеген мінез образы нормаларын өз кезінде меңгермей, тұлғаның кешігіп позитивті меңгеруі.

Сонымен,әлеуметтену дегеніміз – бұл индивидтің әлеуметтік құндылықтар жүйесін иеленуі (интернализациялануы) мен әлеуметтік институттардың мақсатты ықпал ету жағдайында мінездің әлеуметтік адаптациялануы,тұлғаның түрлі өмірлік жағдайларда стихиялы ықпал ету жағдайы.

Әлеуметтену сапасы мен сипаты сол қоғамның әлеуметтік мақсаттарына сай белгіленеді.

 

  1. 8888. Ұйым (ұжым, фирма) имиджі

Ұйымның имиджі - сол деректі топтағы мүшелердің жинақталған образына қатынасты символдарға ие болады. Топтық имиджге қарағанда, корпоративті имидж ереже бойынша ұйымдастырушы образдарды “ішінен” белсенді басқарады. Бұл деген сөз ұйымның имиджін құру немесе өзгерту туралы шешімдерді оның жетекшілері қабылдайды деген сөз. Сонан -соң ол ұйымның өзімен тікелей осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізіледі, немесе имиджмейкердің көмегі қолданылады. Ұйымның имиджін құруда – сол ұйымның жетекшісінің тұлғалық ерекшеліктері маңызды роль атқарып, орталықты символ болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда оның жетекшісімен ұйымның жұмысы, беталысы жүйеленді, анықталады. Корпоративті имидж барлық уақытта функциональды, қызметті болып табылады, оның көмегімен деректі анықталған прогматикалық мәселелер шешіледі. Осы аталған мәселелер мен тапсырмалардың шешілу, орындалу дәрежесі мен сипаттамалары бойынша корпоративті имидждің тиімділік көрсеткіштері анықталып бағаланады. Сол көрсеткіштердің мазмұндамалары бойынша корпоративті имидждің іс - әрекеттері, қызметтері, функциялары анықталады. Корпоративті имидждің бірінші функциясы ұйымды позициялау. Мысалыға: егер ұйым бизнес саласында жұмыс атқаратын болса, онда оны рынокта позициялау жайында сөз болады. Ұйымның рынокта позициялануы өзін - өзі идентификациялау, орнықтыру деп түсіну қажет. Яғни ол мынадай сипаттағы ерекшеліктерді біліп мазмұндап тұжырымдама жасай білуі қажет: ол немен айналысады, оның спецификалық өзіне тән ерекшеліктері қандай. Клиенттер үшін оның артықшылықтары, сонымен қатар оның негізі әріптестері кім? (Жалпылама айтқанда шикізатты тұлғалар, өндірістік процесте қатынасатын мүшелер мен тұтынушылар, қызмет көрсету жүйелері және тағы басқа). Позициялануда ұйымның миссиясының оның потенциалды клиенттерімен (тұтынушыларының) қатынастылығын қарайды.

Мысалы, адам нанды сатып алады, себебі оның тамаққа деген тұтынушылығы бар. Ол сақтандыру компанияларына барып сақтанады, себебі ондай жағдай оның қауіпсіздікке деген тұтынушылығын, қанағаттандырады. Ол тікелей белгілі бір машинаны сатып алады себебі ол маркалы машина оның престижге, беделдікке, статусқа және жеке ерекшелікті сезіміне деген тұтынушылығын қанағаттандырады. Ұйымның мақсаттары мен тапсырмасы клиенттің, тұтынушының көзқарасы жағынан нақты, тура анықталатын болса соғұрлым корпоративті имидждің беделі артып, функциялары оң жүйелене орындалады.

 

  1. Ұйымның ішкі және сыртқы имиджінің (объективті бірлігінің негізі)

Ұйымның ішкі және сыртқы имидждерін байланыстыратын белсенді элементтердің маңыздысы ол - ұйымның миссиясы. Сыртқы имидждің құрылымындағы шарты – оның шыншылдығы, айшықтылығы, шынайылығы болып табылады. Егер ұйымның барлық мүшелеріне, яғни жетекшілерден бастап қатардағы қызметкерлеріне дейін ұйымның миссиясы түсінікті болып және олар оны қолдайтын, іс – жүзіне асыра білетін болса, онда оны сыртқы имидждің элементі ретінде оның тиімді болатынына көз жеткізуге болады.

Бар имиджді түрлендіру мақсатында алға қойған міндеттемелерді, тапсырмаларды іс - жүзіне асыруды имиджмейкингон деп атайды.

Имиджді құру мен оны түрлендірумен кәсіби деңгейде айналысатын тұлғаны имидмейкер деп атайды.

Имидж – бұл субьект – субьектілі өзара әрекеттесу процесінде қалыптасатын субъектінің символы (рәмізді) образы болып табылады.

1. «Мен концепсиясын» құрудағы тұлғалық ерекшеліктерін, сапасын арнайы тесттер мен технологиялар арқылы зерттеу. Имидж жүйесі бойынша орындалатын жұмысты рухани, өзгениетті сапа ерекшеліктерін қалыптастыру мен жалпы адамдық құндылықтар, қоғамдық даму заңдылықтарына бағынудан бастау қажет. Ізгі - ниетті әсем іс - әрекеттерімен ерекшеленетін тұлғалық көріністер жүректі жаулап алады. Бастапқы кезеңде, идеалды бейне жайында, имидждеу процесіне қажетті эталон сапасында ақпараттар жинақталады.

2. Кәсіби іс - әрекеттіліктер түріне, шығу тегіне тиісті сипатты мәліметтерді жинақтау, таңдап алу. Егер, жетекші имиджі қалыптастырылатын болса, лидердың (көшбасшының) сапалық ерекшеліктері таңдап алына отырып, жүйеленеді. Жауапкершілігі, тәртіптілігі, ұйымдастырушылық, ақпараттана білу, жігерлілік ерекшеліктері. Қарым - қатынасу, достар, жан - ұя, спорттық, денсаулық, салауатты өмір салалары жүйеленеді. Британ оқымыстылары, адам өмірінің ұзақтылығы оның зерделілігіне тікелей байланысты деген қорытынды жасады. Эдинбургск университетінің мамандары архивтен (мұрағат), зерделі даму коэффицентін сипаттайтын 1932 ж. болсақ, он бір жастағы 3000 бала, 1997 жылы өз араларындағы болашақ достарын іздестірген, орташа жасы 102,… Ақыл мен саналары жоғарғы дәрежеде дамыған тұлғалардың жасы ұзақ болған. Сонымен қатар, имидж тұлғалық жеке көрсеткіштері арқылы да құралады: алғыр - тапқырлық, шығармашылықты ізденімпаз, мақсатқа жетелемейтін, ал ең бастысы – жетістік пен өз күшіне сене білуі. Адамның істеген істері, ой - өрісі, жүріс - тұрыстары, сөйлеу мәнерлері арқылы сипаттама беріледі.

3. Имидждің қалыптасуындағы үшінші кезең сыртқы көрініс. Сыртқы көріністі тартымды да, сүйкімді қалыптастыру үшін, өзіндік беттік сипатты, макияжды таңдай білу қажет (косметика, иіс сулары және тағы сол сияқты). Киім киюдегі жекеше стильді әзірлеп, таңдап алу аса ерекшелікке ие. Тартымды сыртқы көрініс мінез - құлық, дене пішіміндегі гормония, сүйкімді әдеттер, күлімсіреуі қоршаған ортаны сөзсіз таң қалдырады. Осы аталған элементтерді жасау терең еңбекті талап етеді.

4. Қатынасу сапалық ерекшеліктерін жетілдіру (сөйлеу, өзара қарым -қатынаса білу, аудиторияның алдында еркін сөйлеу). Қажет болған жағдайда аудиторияның көңілін аулау, тыңдаушыны қызықтыру, бәсекелестік, айтыс - тартысты күлкіге айналдырып шешу. Байқап отырғанымыздай, имидждеу - өте күрделі және адам баласына қажетті жұмыс, ғылым, сондықтан да ол сан дамыған мемлекеттерде өте құнды. Ең бастысы ішкі дүниеге қамқорлық жасау, өз өмірімізді қалай сүріп жатырмыз, өмірге сабақ бола алатын ептіліктермен әдеп - ғұрыптарды тиісті дәрежеде жинақтау. Франциядағы модельдік бизнестің негізін қалаушы Шанель «Сұлулыққа деген қамқорлықты жан мен жүрек қалауынан бастау қажет, олай болмаса ешқандай косметика көмектеспейді». Шынайы жомарт адам ұлы жандылықпен дүниеге келмейді. Тұлғалық ерекшеліктерді мақсаттылыққа байланысты бағалайды. Осы мақсаттылықтар мекеменің және жалпы қоғамның мақсаттарымен сәйкес келуі тиісті. Тұлға өзінің іс - әрекеттіліктері мен өзге адамдармен қарым - қатынастылықтары арқылы өзіне тән бейнесін, түр - әлпетін көрсетеді.