Тұлғаның әлеуметтік психологиялық типологиясы.

Американ психологы А.Маслоу өзінің «Мен» өзін жүзеге асыру `(самоактуализация) жөнінде» деген еңбегінде адамның өзгелерге қатынасы жөнінде былай деп жазған: «Өзгеге өзіңе қарағандай қара, ал екінші өзін айналаны қалай қабылдаса, өзгені солай қабылдайды».

Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын – актуализатор, екінші типті - манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне сенімді десе; манипулятор типі – адамдармен қатынас жасағанда барынша бетпердешіл екі жүзді, өзгелерге немқұрайлықпен қарайтын және т.б. деп есептейді.

Манипуляторларды салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтарды өзіне және өзгелерге қатынасын, негізгісі күнделікті өмірдегі мінез көріністеріне байланыстыдеп көрсетеді. Э.Шостром манипулятордың сегіз түрін анықтайды:

  1. Диктатор (мінезінде ашық күшті мәнерге тән);
  2. Шүберек (таусылмайтын ойында беріліп ойнау сипаты тән);
  3. калькулятор(салқын, үнемшілдік тән);
  4. жабысқақ (қорғансыздықты имитациялау мен үнемі қорғанды қажет ету тән);
  5. бұзақы (айналасындағыларды өз қызығушылығына қарай террорлау тән);
  6. жақсы жігіт (өзін тақтада деп ойнақтау тән);
  7. сот (жазалау позициясымен объектіге қатынасын манипуляциясын демонстрациялау тән);
  8. қорғаушы (өз мақсатына байланысты оларды қорғаушы рольін екі жүзділікте ойнау тән).

Тұлғаны әлеуметтік-психологиялық талдауда Юнганың типологиясы: экстровертті және интровертті түрлері ерекше маңызға ие. Бұл типтерді толықтыру мақстында психикалық төрт процесті: ойлау, эмоция, түйсік, интуиция қатысымен төрт түрі ішінара бөлді. Оларды: ойлағыштық, эмоциональдық, түйсінушілік, интуитивтік тип деп төртке бөлді.

Э.Шпрангер өмірлік құндылықтарына байланысты тұлғаның алты түрін:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни деп қарастырды.

Американ психологы Хорни адамның басқа адамдармен қарым-қатынасына қарай тұлғаның үш типін қарастырды:

  1. Үйірсек тип;
  2. Агрессивті тип;
  3. Жатырқаушы тип.

Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип.

Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды.

Жатырқаушы типмұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді. Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар.

Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі:

  1. Гормониялық тұлға;
  2. Конфликтілі,қайшылықты тұлға;
  3. Импульсивті тұлға.

Гормониялық тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты.

Конфликтілі, қайшылықты тұлғамінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам.

Импульсивті тұлғатек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты. Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін.