ЖҮрек Қан тамыр жҮйесі
Оңталапова Тоғжан 301А тобы
Паспорттық бөлім
Аты-жөні: Елемісов Нұржан Есіркепович
Туған жылы: 09.03.1962ж, 58 жаста
Жынысы:Ер
Ұлты:қазақ
Мекен жайы: Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Ерумбетов 43
Мамандығы:бухгалтер
Түскен күні: 15.05.2020ж.
Шағымдары: эпигастрий,кіндік аймағының ұстамалы түрде қатты ауыруы, сол жақ қолдың ауыруы, t 38.9C көтерілуі, әлсіздік, жүрек айнуы, бірнеше рет құсуға , салмақ тастауға шағымданды.Тәбеттің болмауы,әсіресе майлы тамақтан бас тартуға шағымданды.
Ауру анамнезі
Науқас 1-2 жыл бұрын майлы тамақ жегенде іштің ауыруына,құсу,әлсіздік байқалған. 2 апта бұрын іштің ауруы асқынып,қатты мазасызданғандықтан ауырсынуға қарсы дәрілер қабылдаған.Ауру дәріні қабылдағанда,және аш уақытта ( тамақ қабылдамағанда) басылған. Дәрігерге қаралмаған, өз бетімен емделген.
Өмір анамнезі
1962 жылы Шалқар ауданы, Қауылжыр селода ,толық отбасыда, 2 -бала болып дүниеге келген. Балалық шағы, мектеп кезде ешқандай даму ерекшеліктері болмаған. Орта білім алған. 27 жастан бастап бухгалтер қызметінде қызмет атқарады. Отбасы, 4 баласы бар. Отбасылық жағдай жақсы. Зиянды әдеттері алкогольді қолданады, темекі тарптпайды. Бала кезде салқын тиумен жиі ауырған. Ата анасы, жақын туғандарында тұқым қуалайтын ауру жоқ.
Жалпы қарау
Науқастың жалпы жағдайы: орташа дәрежелі.
Есі айқын, төсектегі қалпы мәжбүрлі қалып ауырсынуды бас үшін қолын ішмен басып, алға қарай еңкейіп отырады
Конституциясы нормостеник ,бойы 175см, салмағы 72 кг
Тері жамылғысы таза ,түсі денеге тән, пигментация жоқ,терідегң патологиялық белгілер байқалмайды. Ісіктер жоқ, Тері асты шел майы дамуы орташа , таралуы біркелкі. Тырнақтардың сынғыштығы байқалды.
Лимфа түйіндерін зерттеу кезінде жақ асты лимфа түйіндері жылжымалы, ұсақ, жұмсақ, серпімді, ауырсынусыз; қолтық асты, шап лимфа түйіндері жылжымалы, ұсақ, жұмсақ, серпімді, ауырсынусыз.
Бұлшық ет жүйесі симметриялы, жасына сай дамыған, күші жеткілікті, ауырсынусыз.
Сүйек жүйесі жақсы дамыған,ауырсыну,демформациялар жоқ.Буын қимылдары белсенді, ауырсынусыз
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ
Тыныс мұрынмен, кедергісіз дем алады. Жыныс алу жиілілігі 18 рет. Кеуде торы қалыпты, деформациялар жоқ, пальпация ауырсынусыз. Салыстырмалы перкуссияда ашық дыбыс естіледі. Топограиялық перкуссияда өкпенің төменгі шеті қалыпты шекараларға сәйкес, Кренинг кеңістігі 7 см. Аускультацияда 2 өкпедед везикулярлы дыбыс естіледі , патологиялық шулар естілмейді.
ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІ
Жүрек шекарасы өзгеріссіз, Жүрек ұшы соққысы ортабұғана сызығынан ішке 1,5 см 5 қабырға –ара-та естіледі. Жүрек және ірі тамырлар аймағында патологиялық пульсациялар жоқ. Пульс орташа, толымдылығы екі жақта бірдей. Жүрек соғысы 65 рет. Артериальды қан қысымы 130/80 мм.сын. бағ.
АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ
Қарағанда тілі құрғақ , тіліде ақ дақтардың бары байқалған, Аңқасы таза, қалыпты физиологиялық түсте. Іштің пішіні қалыпты, Ішек перистальтикасы көрінбейді. Іштің көлемінің өсуі, ісіктер байқалмайды.
Іштің пальпациялағанда іші жұмсақ, бірақ эпигастрий аймағы мен оң жақ қабырғас астының ауыруы байқалды. Кіндік айналасын пальпациялағанда бұлшықеттердің қатаюын байқаймыз. Керте симптомы оң жағдайда болды. Терең пальпация кезінде сол жақта сигматәрізді ішек аурсынусыз, оң жақта цилиндр тәрізді, ауырсынусыз соқыр ішек пальпацияланды. Көлденең ішек ауырсынусыз.
Бауыр пальпацияланбайды Курлов б.ша бауыр 9-8-7 см. Өт қабы пальпацияланбайды. Талақ пальпацияланбайды. Іштің аускультациясында тимпанды дыбыс естілді.
ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
Бел аймағы еш өзгеріссіз, ауырсынусыз, ісіні ,қызару байқалмайды. Бүйректі пальпациялағанда еш ауырсынусыз, Зәр щығару ауырсынусыз, еркін. Диурез қалыпты.
Алғашқы болжамды диагноз
Ұйқы безінің секреция жетіспеу синдромы ,Ауырсыну синдромы,
Науқастың шағымдары эпигастрий аймағының ұстамалы ауыруы, ауырсыну майлы тамақ жегенде күшеюі, салмақтың төмендеу, ауырсынудың сол жақ қолға қарай тарауы, зиянды әрекеттерін ескеру керек.
Тексеру кезінде тырнақтардың сыңғыштығы, тіліде ақ дақтардың болуы гиповитаминозды білдіреді. Пальпация кезінде ұйқы безі аймағының ауырсынуы байқалды.
Зәр шығару жүйесі тексеру кезінде ерекшліксіз.
Алдын ала қойылған диагноз: Созылмалы панкреатит
Зертханалық аспапты тексеру жоспары. Нәтижелері.
Қанның жалпы анализі
Эритроцит - 4,7*1012/л;
Гемоглобин - 140 г/л;
Түсті көрсеткіш- 0,95;
Лейкоцит – 12,3*109 г/л;
Лимфоцит – 23%;
Моноцит -5%;
Тромбоциты 253*109 г/л,
ЭТЖ - 18 мм/сағ
Қанның биохимиялық анализі
Жалпы белок 63 г/л,
Мочевина 4,7 ммоль/л,
Креатинин 73 ммоль/л
Холестерин 4,5 ммоль/л
Жалпы Билирубин 11,7 ммоль/л
Тіке Билирубин 2,0 ммоль/л
Глюкоза 6,5 ммоль/л
АсАт 18 бірл.
АлАт 10бірл.
Амилаза 80 бір
Копрограммада стеаторея байқалды.
Ферменттерді зерттеу кезінде А –амилаза,трипсин мөлшерінің жоғарылағаны анықталды.
УЗИ : Ұйқы безінің көлеміндегі өзгеріс, ісіну байқалған.
Қорытынды диагнозды негіздеу:
Алынған симптомдарды синдромдарға біріктіруге болады:
Асқазан асты безінің ісінуі салдарынан ауырсыну синдромы: іштің жоғарғы бөлігіндегі тұрақты ауырсыну, сол қолға иррадиациямен беріледі.
Сырты секреторлық жеткіліксіздік синдромы : жүрек айнуы,бірнеше рет құсу. Ауырсынудың тоқтауы аштық кезеңімен түсіндіріледі.
Қабыну синдромын науқастың әлсіздігіне, , температураның жоғарылауына 38,9 С, қанның клиникалық талдауы негізінде лейкоцитоз (12,3х10/л), ЭТЖ үдеуіне (18 мм.сағ) интоксикациялық шағымдардың негізінде қоюға болады.
УЗИ де ұйқы безінің көлемінің өзгерісі ,ұйқы безі ферменттердің мөлшерінің артуы
Қорытынды диагноз: Созылмалы панкретит