Кафедра оқытушылары туралы мәлімет
СИЛЛАБУС
Пән «Гистология-1» Gist 2205 Gist-1
Мамандық -Жалпы медицина «051301»
2-ші курс үшінші-семестр
Дәрістер-18 сағат
Тәжірибелік сабақтар -54 сағат
Аудиториялық сағат саны – 72 сағат
СӨЖ – 36 с
Сағат көлемі барлығы – 108
Бақылау түрі - емтихан
Алматы 201 6
Силлабус жұмыс бағдарламасымен сәйкес құрастырылған. Құрастырғандар кафедра доценттері Ергазина М.Ж., Калинина М.С.
Цитология және эмбриология курсымен гистология кафедрасының кафедра мәжілісінде қарастырылған. 2016 жыл, «31 тамыз» №1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі, доцент: М.Ж.Ергазина
1. Жалпы мәлімет
1.1 ЖОО аты – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
1.2. Цитология және эмбриология курсымен гистология кафедрасы
1.3. Пән «Гистология -1» Gist 2205 Gist-1
1.4. Мамандығы: 5В130100 – Жалпы медицина
1.5. Сағат санының көлемі – 108 сағат
1.6. Оқытудың курсы мен семестрі - 2 курс, 3 семестр
Кафедра оқытушылары туралы мәлімет
Аты-жөні | Лауазымы | Ғылыми дәрежесі, атағы | |
1 | Ергазина Марал Жунусбековна | Кафедра меңгерушісі | м.ғ.к, доцент |
2 | Юй Рудольф Иванович | профессор | м.ғ.д.,профессор |
3 | Калинина Маргарита Сергеевна | доцент | м.ғ.к., доцент |
4 | Семченкова Светлана Александровна | доцент | б.ғ.к., доцент |
5 | Аяпова Жулдузай Омаровна | аға оқытушы | |
6 | Адилова Мадина Гарифулловна | оқытушы | |
7 | Жанбырбаева Айнур Кайргалиевна | оқытушы | |
8 | Есполаева Айгерім Рыскуловна | оқытушы | |
9 | Джадранов Ернар Садуакасович | оқытушы | б.ғ.к., |
10 | Тусупова Нуржан Мухамедовна | доцент | к.б.н |
11 | Мулькибаева Шолпан Шайзулаевна | аға оқытушы | |
12 | Абжапарова Айнур Темирлановна | оқытушы |
Кафедра меңгерушісі, доцент Ергазина Марал Жунусбековна 2005 жылы кандидаттық диссертациясын «Цитофункциональный анализ суточного ритма десны в различные возрастные периоды» тақырыбы бойынша ҚазҰМУ-де қорғады. Ол 2007 жылдан бері кафедра доценті, 2013 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 30-дан аса еңбектері жарияланған, 2 алдын ала патенті бар. Қазіргі таңда кафедрада темекінің ауыз қуысының кілегейлі қабғына әсері зерттелуде.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Юй Р.И Докторлық диссертациясын 1996 жылы Ленинград қаласында «Закономерности комбинированного действия динамических факторов ионозирующего излучения на организм » тақырыбында қорғаған. 1997 жылдан бастап кафедраның профессоры, ал 1998 жылдан бастап кафедраның меңгерушісі лауазымын атқарды. 2013 жылдан бері кафедра профессоры. Профессор Юй Р.и. 174 ғылыми және әдістемелік жұмыстарды басылымнан шығарды, оныңішінде екі монография, гистология бойынша бір атлас, өнертабысқа 4 алдан-ала патент алынды. Қазіргі кезде прфессор Юй Р.И кафедрада ауыз қуысының кілегейлі қабығының қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі реактивтілігі талдау үстінде.
Байланыс жайындағы ақпараттары:
Мекен-жай: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94 морфологиялық ғимарат, 2-ші қабат,
Тел: 7198, 7199
Пән саясаты:
1. Сабаққа кешікпеу, кешіккен жағдайда жалпы балл санының 25% алынып тасталынады.
2. Сабақты босатпау, босатқан жағдайда, егер себепті болса дәрігер анықтамасын көрсету қажет.
3. Жіберілген сабақтардың өтелуі тек сәйкес аралық бақылауға дейін жүргізіледі.
4. Студенттер оқу үрдісіне белсене қатысуы керек.
5. Тәжірибелік сабақтың барлық тапсырмалары талаптарға сай альбомдарда орындалуы және оқытушының қолы қойылуы керек.
6. СӨЖ бойынша тапсырмалар жоғары дәрежеде орындалып. Сәйкес аралық бақылауға дейін тапсырылуы керек.
7. Студенттер тәжірибелік сабақтар мен дәрістерге тек медициналық халаттарда ғана жіберіледі.
8. Аралық бақылауға сабақтар мен дәрістерді жібермеген, СӨЖ уақытында тапсырған студенттер ғана жіберіледі.
9. СОӨЖ студенттер түгел қатысулары қажет
10. Емтиханға сабақтан қалмаған, барлық аралық бақылаулар мен СӨЖ тапсырған студенттерн ғана жіберіледі.
2.2 Бағдарлама
2.2.1 Кіріспе
Гистология – жалпы тіндердің құрылыс қызметін белгілі бір мүшенің құрамындағы ерекшеліктерді зерттеп қана қоймай, сондай-ақ жасушаларының құрылысы мен олардың өмір тіршілігіне және қоршаған ортаға бейімделуін, физико-химиялық және әртүрлі әсерлерге бейімделу ерекшеліктерін зерттейтін ілім.
Зерттеулерге объекті болып саналатын тірі және фиксаторларда сақталған әртүрлі жасушалар мен тіндер болып саналады. Сонымен қатар, микроскопиялық және электронды ультра құрылыстарынан дайындалған суреттерімен үлгілерқазіргі кездегі гистологияның ең негізгі жетістіктеріне физика, химия, математиканың және информатиканың маңызы өте зор.
Гистология курсы медико - биологиялық ілімдердің: оның ішінде биология, биохимия, анатомия, физиология, биохимия, патанатомия мен патфизиология тағы басқада курстармен тығыз байланысты. Сонымен қатар, аталмыш курс – гистология көптеген медициналық білім беретін ілімдердің жетістіктеріне сүйене отырып адам ағзасын құрылысын қалыпты және патологиясын құрылыс қызметін зерттейтін ілім.
2.2.2 Пәннің мақсаты:
Студенттердің алған білімдерін жетік түрде бекіту үшін жасушалық, тіндік құрылысы мүшелердің ерекшеліктеріне байланысты біле отырып, даму ерекшеліктерін анықтай білу қажет.
2.2.3 Пәннің міндеттері :
· Жасуша мен жасуша туындыларының қызметі мен құрылыс ерекшеліктерін білу;
· Тіндердің регенерациясын, гистогенезі мен құрылысын, гистофизиологиясын анықтай білу;
· Тіндердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты арнайы өзгерістерін анықтай білу;
· Гистологиялық препараттарды микроскопиялық зерттеулерден өткізіп, тіндік құрамын ажырата білуге дағдыландыру.
· Өзіндік жұмысты орындау барысында информациялық тасымалдаушылармен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
2.2. 4 Оқытудың соңғы нәтижелері . Студент білуі тиіс :
Когнитив тік білімнен :
· Жасуша, жасуша аралық заттар мен тіндердің ұйымдастырудың негізгі заңдылықтарын;
· Тіндік элементтердің ерекшеліктері мен олардың негізгі биологиялық процестердегі гистофункциональді ерекшеліктерін (қорғаныш, трофикалық, пролиферативті және т.б.) жарық оптикалық, электронды микроскопиялық және гистохимиялық негізінде зерттеу;
· Тіндердің эмбриональді дамуының негізгі заңдылықтарын.
Операциональ ді дағдылардан:
· Тіндердің жасушалы және жасушасыз құрылымдарын микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде идентификациялау;
· Организмнің жасушалар мен тіндердің құрылымының өзгеруін қорғаныштық-бейімделушілік және физиологиялық реакциялар ретінде тануы
· Мүшелердің гистологиялық препараттарын құрғақ және иммерсиондық жүйені пайдалана отырып микроскоптау;
· Гистологиялық препараттарды салу және хаттама толтыру;
Аксилоги ялық коммуникатив ті дағдылардан:
· Болашақ дәрігердің негізгі сапасы, пациентпен дәрігердің эффективті сөйлесу дағдылары, науқасты сырттан қараудағы біріншілік дағдаларды игеру;
· Топтың басқада студенттерімен бірлесу, сабақ барысындағы тәртіплік дағдыларын; Студенттер арақатынасының дұрыс болуы, оқу материалдарын сауатты өте әрі толық, сойлем құруы, көптеген талқылау кездерінде өз ойын толық айтып, оқу ойындарына қатысу.
Құқықтық компонент :
· Қазақстан Республикасында медициналық қызмет көрсетудің стационарлық және амбулаториялық түрлерін нормативті-құқықтық база негізіндеқарастырады, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық және білім беру туралы заңдарын білу, БДҰ негізгі бағдарламаларымен таныс болузнания основных приказов МЗ РК по здравоохранению и образованию, знания основных программ ВОЗ,
· Студент өз құқықтары мен міндеттерін білу.
Өзін-өзі дамыту:
· Дербес компьютермен жұмыс істеп қалыптастыруы, ақпарат көздерімен өздігінен жұмыс істей білу, ДК базасын еркін қолдана білуі қажет
· Мамандыққа байланысты әдебиеттермен жұмыс аналитикалық қабілеттілігі болу,
Білімін үздіксіз жетілдіруге ұмтылу, ғылыми әдебиеттемен жұмыс ісеу дағдысы, тесттер, рефераттар, презентациялар даярлап, портфолио құрастыру, оқу видеофильмдерін дайындай білу .
2.2.5 Пререквизит тер :
· молекулалық, медициналық генетика және қалыпты анатомия.
2.2.6 Постреквизит тер:
· патологиялық анатомия - 1, патологиялық физиология –1, қалыпты физиология, гистология-2
2.2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары 3 семестр-5 сағат
№ | Тақырыптары | Өткізу түрі | Академиялық сағат бойынша ұзақтығы |
1 | Цитология. Жасуша және жасуша емес құрылымдар. Цитоплазма. Цитоплазма органеллалары. | Шолу дәрісі | 1 |
2 | Цитология. Цитоплазма қосындылары. Ядро. Жасушаның бөлінуі. Жасушаның тіршілік циклы. | Шолу дәрісі | 1 |
3 | Адам эмбриологиясы. Жыныс жасушалары. Ұрықтану. Бөлшектену. | Проблемалық дәріс | 1 |
4 | Адам эмбриологиясы. Гаструляция. Гистогенез және органогенез. | Проблемалық дәріс | 1 |
5 | Адам эмбриологиясы. Ұрықтан тыс мүшелер. | Проблемалық дәріс | 1 |
6 | Эпителий тіні. Бездер | Проблемалық дәріс | 1 |
7 | Адам қаны. Эритроциттер. Тромбоциттер. | Проблемалық дәріс | 1 |
8 | Адам қаны. Лейкоциттер | Проблемалық дәріс | 1 |
9 | Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіндері. | Проблемалық дәріс | 1 |
10 | Тығыз талшықты дәнекер тіндері. Арнайы қасиеттері бар дәнекер тіндері. | Проблемалық дәріс | 1 |
11 | Қаңқа дәнекер тіндері. | Проблемалық дәріс | 1 |
12 | Бұлшықет тіндері | Проблемалық дәріс | 1 |
13 | Жүйке тіні: жүйке жасушалары, нейроглия, жүйке талшықтары. | Проблемалық дәріс | 1 |
14 | Жүйке тіні: жүйке ұштары. Синапстар | Проблемалық дәріс | 1 |
15 | Сезім мүшелері: көру мүшесі және иіс сезу мүшесі. | Шолу дәрісі | 1 |
16 | Сезім мүшелері: есту және тепе – теңдік сақтау мүшесі | Шолу дәрісі | 1 |
17 | Сезім мүшелері: дәм сезу мүшесі | Шолу дәрісі | 1 |
18 | Қорытынды дәріс | Шолу дәрісі | 1 |
Барлығы | 18 сағат |
2.2.7 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары 3 семестр 54 сағат
№ | Тақырыптары | Өткізу түрі | Академиялық сағат бойынша ұзақтығы |
1 | Цитология. Жасуша және жасушасыз құрылымдар. Гиалоплазма. Цитоплазманың мембраналы және мембранасыз органеллалары. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
2 | Цитоплазманың қосындылары. Жасушаның ядросы. Жасушаның бөлінуі. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
3 | Адам эмбриологиясы. Эмбриональды дамудың ұрықтық кезеңдері. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
4 | Адам эмбриологиясы. Ұрықтан тыс мүшелер. Плацента, кіндік | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
5 | Цитология мен эмбриология бойынша препараттардың диагностикасы. | Микросуреттердің, электронограммалардың және препараттардың диагностикасы. | 3 сағат |
6 | Эпителий тіні. Жабынды эпителий. Безді эпителий. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
7 | Эритроциттер, тромбоциттер. Лейкоциттер. Гемограмма. Лейкоцитарлы формула. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
8 | Постэмбрионалды гемопоэз. Сүйектің қызыл кемігі. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия | 3 сағат |
9 | Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні. Арнайы қызмет атқаратын дәнекер тіндері. Тығыз дәнекет тіндер. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
10 | Қаңқа дәнекер тіндер. Шеміршек тіні. Сүйек тіні. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
11 | Эпителий тіндер, адам қаны және дәнекер тіндері бойынша препараттардың диагностикасы. | Микросуреттердің, электронограммалардың және препараттардың диагностикасы. | 3 сағат |
12 | Соматикалық және мезенхималық типтегі бұлшықет тіні. Жүрек бұлшықет тіні. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
13 | Жүйке тіні. Нейроциттеры. Нейроглия. Жүйке талшықтары. Нерв талшықтары. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
14 | Жүйке тіні: жүйке ұштары. Синапстар. | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
15 | Көру және иіс сезу мүшелерінің гистологиясы | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
16 | Тепе теңдік және есту мүшелерінің гистологиясы | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
17 | Дәм сезу мүшесінің гистологиясы | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
18 | Қорытынды сабақ | Аз топпен жұмыс жасау. Дискуссия. | 3 сағат |
Барлық сағат саны | 54 сағат |
2.2.7. Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары (С ӨЖ)
3 семестр 3 6 сағат
№ | Тақырыптары | Өткізу түрі | Академиялық сағат бойынша ұзақтығы |
1 | Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, реферат дайындау | 3с |
2 | Цитология. Жасушаның тіршілігінің шығуының негізі. Жасушаның қартаюы мен өлімі. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, реферат дайындау | 3с |
3 | Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, презентация дайындау | 2с |
4 | Тіндердің шығу тегі мен дамуының заңдылықтары. Тіндердің жіктелуі. Жүйе түзетін факторлар және оның тіндердің тұрақтылығын қамтамасыз ету механизмі. Тіндердің өзгерігіштігі. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, презентация дайындау | 3с |
5 | Эпителий тіндерінің мүшелердің кілегейлі қабықтарының құрамында мамандануы | Әдебиеттермен жұмыс жасау, презентация дайындау | 2с |
6 | Қанның регенерациясының және жасқа байланысты ерекшеліктері. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, презентация дайындау | 2с |
7 | Эмбрионалды қан жасау. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, презентация дайындау | 3с |
8 | Шеміршек. Жасқа байланысты гистологиясы. Регенерациясы. Сүйектің жарақаттанудан кейінгі регенерациясы. Сүйек құрылысының қайта қалыптасуына әсер ететін факторлар. Сүйек байламдары. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, презентация дайындау | 3с |
9 | Ет тіндері. Қаңқалық бұлшық ет тінінің регенерациясы. Бұлшық ет тінінің жасқа байланысты ерекшелігі. Жүрек бұлшық ет тінің регенерациясы. Эпидермальді, нейральді ет тіндерінің шығу тегі. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, презентация дайындау | 3с |
10 | Нерв тіні. Жасқа байланысты гистологиясы, регенерациясы. Нейрондық теорияның негізгі қағидалары. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, реферат дайындау | 3с |
11 | Сезу мүшелері мен анализаторларға жалпы сипаттама. Рецепторлы жасушалар және рецепцияның механизмі. Көздің қосымша аппараты. Дәм сезу мүшесі. | Әдебиеттермен жұмыс жасау, реферат дайындау | 3 с |
12 | Гравитация рецепторының гистологиясы | Әдебиеттермен жұмыс жасау, реферат дайындау | 3с |
Барлық сағат саны | 36 сағат |