Сал Біржан ән салуға ерінбейді.

Осы сөздерге қарап әннің мазмұны жалпы өнер туралы, әншінің орындаушылық шеберлігі жайлы деуге де болады.

Атымтың қақ тұрады сауырына,

Қос тепкі салып, келем бауырына,

Қолынан шай құйдырып ішейін деп,

Келемін Айтбай сұлу ауылына.

«Айтбай» әні мерекелік шатты көңілмен сипатталады, сол себепті М. Төлебаев «Біржан-Сара» операсында әншіні алғаш рет сахнаға осы әнімен шығарады. Операда ән мәтінің түпнұсқасы Көкшетаудың сұлу көріністері мен Қоянды жәрмеңкесі арналған құттықтау сөздерімен толықтырған . Бұл жаңадан қосылған сөздер әннің көтеріңкі сипатына аша түседі. Сондықтан бұл сөздерді дәстүрлі әншілер де қолданып жүр. Операда әннің жалғасын әйелдер хоры орындайды, сол арқылы композитор оған нәзік сезім мен әсем сәнділікті қосады.

«Біржан – сал»

Бұл әнді Біржанның өзі өзін таныстыратын «авто-портреттік» әні деуге болады. Бұндай әндер басқа халық әншілердің ығармашылығында да кездеседі.

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Ішкімге зияным жоқ жүрген жанмын,

Байлыққа маңсапқа құмар емен,

Өзім сал, өзім сылқым, кімге зармын

Сөздерінің көрініп тұрғандай, әнші өзінің деген көзқарасымен бірге, өнер адамының абыройы, ар намысы мен еркіндігі туралы баяндайды. Асықпай, сабырлықпен өрбитін әуенде тұрақты дыбыстар жиі қоладнылған. Осы әдіс арқылы әнші өз ойының нақтылығын, байсалдылығының білдіреді.

«Теміртас»

Біржан өмірінің соңғы жылдарында қиын жағдайларға душар болғаны туралы жоғарыда айтылған. Осы кезде туындаған әндерінің мәтінінде (мысалы, «Дүние» және т.б) «қолымды шеш, босат» деген сөздерді кездестіруге болады. Осы әндерінің ішіндегі көбірек танымал болғаны-«Теміртас»

Біржан деп атым шықты Алты алашқа,

Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа,

Жасына алпыс бірдің келгенімде

Құдайым,бердің науқас ғаріп басқа

Қорытынды:

Қорытындылай келе Біржан-сал қазақтың әдеби және мәдени қазынасына алтын таспалы құндылықтарын қалдырған еді. Оның 19 ғасырдағы халықтың кәсіби музыкасына жаңа леппен «автопортрет» өлеңдерін шығарушының бірі. Арқа дәстүрінің ерекшелігін көрсетіп вокалдық бағытта өзінің дауыс кеңдігінің ерекшелігін қосып , қазіргі кезге сал-серілік қасиетпен дәстүрлі әніміздің бұлақ бастауы еді. Сондықтан қазіргі таңдағы кәсіби өнерге қосқан үлесі шексіз