«Созады Біржан дауысын қоңыр қаздай

Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай,

Ау,гагигау,ей.

Жиылысы жандалардың болады деп,

Жанбота тынышымды алды жаздай,

Ау, гагигау, ей.»

«Ләйлім-шырақ»

Келесі циклді құрайтын «Ләйлім-шырақ», «Шідер», «Құлбай-Жанбай» әндердің де шығу тарихы бір. Аңыз бойынша, Біржан сапарының бірінде ағайынды Құлбаймен Жанбайдың ауылына келіп тоқтайды. Байқуатты тұратын ағайындылар атақты әншінің келгенін біле тұра оны менсінбей үйіне шақырмай қояды. Кешкісін бүкіл ауыл тұрғындары Біржан тоқтаған үйге ән тыңдауға жиналғанда Құлбай мен Жанбай әйелдері мен қарындасы Ләйлімді ол үйге жібермей қояды. Келесі күні Біржан Ләйлім қызды далада көріп қалып, «аттың шідерін көрдің бе» деген сұрақпен қасына жақындайды . Екеуінің әңгімесі созылып кеткенін байқаған Құлбай мен Жанбай оларға жақындай бастаған кезде Біржан сал «Ләйлім-шырақ» әнін шырқата жөнеледі. Дауысын естіп тағы да жұрт жиналып қалады деп, қорққан ағайындылар Біржанды үйіне шақыруға мәжбір болады. Амалсыз құрметті қонақ ретінде күтеді. Қайтатын кез келгенде әнші үй иелеріне «Ләйлім-шырақ», «Шідер», «Құлбай-Жанбай» әндерін сыйлап, осы кездесуді мәңгі естіне сақтайтын айтады.

Аталған әндердің ішінде көбірек танымал болғаны –«Ләйләм шырақ». ОЛ үш дыбыстан тұратын ақындардың «қаратпа сөзін» еске салатын қысқа әуеннен басталады. Бұл әуен қайталанғаннан сайын әртүрлі ырғақтармен әрленіп отырады. Соған сәйкес мазмұны да өзгеріп отырады: біріншісінде «қаратпа сөз» сияқты болып естілсе , екінші қайталануы сұрақ, ал үшіншісі оған жауап ретінде қабылданады . Әннің шумақ бөлімі осы үш дыбысқа негізделген.

«Айтбай»

«Айтбай»-осы әннің кейіпкері болған қыздың есімі. Музыкалық мазмұны жағынан ән ғашықтық лирика жанрына жатады, дегенмен оның түпкі мән-жайы өлең мәтінінің соңғы екі жолынан байқалады.

Аққудай аспандағы жүз құбылтып,