Біржан сал Қожағұлұлының өмірбаяны мен шығармашылығы
Біржан Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында қарасты Ербол деп аталатын елді-мекенде дүниеге келген. Әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа кісі болған. Біржан жастайынан атасы Қожағұлдың қолында тәрбиеленген, сондықтан тарихта Қожағұлұлының атанып кеткен.
Біржан сал алғашқыда Қызылжардағы екі жылдық орыс-қазақ мектебін оқып бітірген. Сонсоң, осындағы медресеге оқуға түседі. Оның өнер жолына біржола бет бұруы осы медреседен басталады. Өйткені, медреседе ұстаздық еткен Имағамбет Ырғызбекұлы, Көрпеш Бахрамұлы деген кісілер төңірегіне аттары мәлім, өнерпаз адамдар болған.
Біржан сал қазақ халқының әншілік өнерін толыстырып, байытып, соны белеске көтере алған әйгілі композитор. Әрбір үлкен дарын иесі сияқты, ол қазақ ән өнеріне өзіндік өрнек салып, өзіндік дара ән мектебін орнықтырып кетті. Өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік ахуалы, салт-дәстүрі, адамгершілік-ізгілік қасиеттері, әсіресе, адам сезімінің алуан толқыныстары оның әндері арқылы сұлу сазбен, асқақ рухпен бедерленіп отырады.
Қызылжар медресесін де өте жақсы оқып, бітірген. Ол Болатнай, Қызылжар медреселерінде оқып жүргенде, араб, парсы, көне түрік тілдерін үйренген. 1841-1842 жылдың қысында белгілі әнші-ақын, атақты батыр Сегіз сері Баһрамұлы өз тобын бастап барып, Омбыда қолөнермен айналысады. Қожағұл қазы сүйікті немересі Біржанға өзі рұқсат етіп, атбегілік пен құсбегілікті және басқа да өнер түрлерін үйрену үшін оны Сегіз сері тобына қосады. 1842 жылы жазда Біржан ақын атасы Қожағұл биден өнер жолына біржолата түсу үшін рұқсат сұрап, батасын алады. Біржан он жеті жасында Көкшетау дуанының сол кездегі аға сұлтаны Атығайдың Құдайберді руының Аңдағұл әулетінен шыққан Зілғара Байтоқалұлы мырзаның ортаншы қызы Балқаш сұлуды алады, оған арнап «Ғашығым», «Балқаш» атты әндерін шығарады.
1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.
Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салның әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салның ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Кеңес заманында Ғ. Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М. Ержанов сынды әншілер Біржанның өз шығармашылығын, оның әншілік-орындаушылық ерекшелігін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара Тастанбекқызы, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жок. Біржанды «жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржаның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды. Біржан мен Сараның айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М. Төлебаев қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған «Біржан—Сара» операсын жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» (1942) атты кітабының үлкен бір тарауын Біржанға арнады. 1982 ж. республика жұртшылығы халық композиторының туғанына 150 жыл толуын салтанатпен атап өтті.
Сал-сері дегеніміз :
Сал дегеніміз- бұқара халықтан өзінің дара болмысымен ерекшеленетін адамды айтқан. Сал отбасылық жағдайға қарамастан осы атаққа ие бола алатын. Сері дегеніміз – текті «ақ сүйектердің» ұрпағы деп саналған. Олардың сол ғасырда өзіндік беделі мен даңқы болды. Сал-сері – сол кездегі жастарды жақсылыққа балауға, тәрбиелеуге тырысқан. Оларды далалық мәдениеттің қыр-сырын үйрету мен ұлттық махаббаты ұялату басты міндеттеріне айналды.
Өлеңдерінің шығу тарихы:
Қазіргі кезде Біржанның 50- ге жуық әндері жарыққа шыққан. Олардық көбісі Қали Байжанов, Ғаббас Айтпаев, Қосымжан Бабақов, Әмре Қашаубаев, Темірболат Арғынбаев, Игибай Алибаев сияқты бегілі әншілердің орындауында жазылып алынған.
Біржанның әндерінде ішінде жиі орындалып, халық арасында танымал болғандары – «Жанбота», «Адасқақ». 1865 жылы Омбы генерал-губернатордың келуіне байланысты Көкшетау жерінде мерекелік шара өтеді. Оған көп халық жиналады. Арасында Жанбота болыстың шақыруымен келген Біржан да бар. Қарапайым халықтың арасында ән салып отырғанын көре алмаған Азнабай болыс нөкерін жіберіп, «менім үйіме келіп ән айтсын» деп бұйрық береді. Бірақ әнші оған көнбейді. Сонда ашуланған нөкер Біржанды қамшымен тартып-тартып жібереді. Ызаланған әнші Жанбота отырған үйге баса-көктеп кіріп, табан астынан шыққан әнінде өзінің ашу-ызасын жайып салады. Бірақ Жанботадан қолдау таппайды. Сонда отырған үйіне қайтып оралып, біраз ашуын басқан соң «Адасқақ» әнін шығарыпты.
«Жанбота»
Бұл әннің жанрын «қаратпа сөз» деп белгілеуге болады. Жоғарғы дыбыстармен айтылатын «Жанбота, осы ма еді өлген жерім?» деген сөздерінде әнші өзінің барлық ашу-ызасын жайып салғандай болады. Іштей күйініп тұрған кезі қайырмасындағы «Сабап кетті-ау!»деген сөздерінен де байқалады.
«Адасқақ»
«Адасқақ» әнін Біржанның ой-толғауы десе болады. Билік тізгінін ұстаған Жанбота болыстан көмек сұрағаны бекер екеніне көзі жетіп , енді өмірге ашық көзбен қарағандай болады. Әннің шумағы жәй,байсалды, дыбыс көлемі шағын, ырғағы біркелкі. Керісінше, қайырмасының ауқымы кең, ырғақ-үрдісі шапшаң. Қайырманның осындай ынталы, жігерлі әуені. Біржанның нақты бір шешімге келгенін байқатады.