2. Біржан сал Қожағұлұлының өмірбаяны
РЕФЕРАТ
«Біржан сал Қожағұлұлы»
Орындаған:«Қобыз» мамандығының
3 курс студенті
Мұқамбетрақымқызы І
Тексерген: Бекбосынова А.С.
Жоспар:
1.Кіріспе
2. Біржан сал Қожағұлұлының өмірбаяны
3. Сал-сері туралы түсінік
4. Шығармашылығы
5. Әндерінің шығу тарихы
6. XIX ғасырдың халық кәсіби музыкасына қосқан үлесі
7. Өзектілігі мен қорытынды
Кіріспе
Қазақтың әлем музыкасымен, ұлттың мәдени орындаушылығына елеулі үлес қосқан зиялыларымыз елдің ұлттың өмірін жалғастыруға септігін тигізді.
Халықтың көшпелі уақытынан фольклорлық жанрдан халық кәсіби жанрға ауысуы өмір сүру ерекшелігіміздің өзгеруі әсер етті десек болады.
Фольклорлық жанрымызда күнделікті тұрмыстық мәселені мәдениет етсек, зиялы өнерлі Ақан сері , Біржан сал , Мұхит ,Жаяу Мұса секілді парасатты адамдардың өрлеуінен фольклорлық – тұрмыстық жанрымыз жаңа бетбұрыс алды. Жаңа бетбұрыс -кәсіби музыка еді.
Кәсіби музыканың фольклорлық жанрдан көптеген даму үрдісіне байланысты айырмашылығы пайда болды.
Кәсіби музыкада тұрмыстықтан қарағанда жеке авторы болды
Кәсіби музыка үлкен зердені және арнайы дайындықты талап етті
Арнайы тыңдаушы қауым үшін айтылады, және сол арқылы адамдар табыс көзін таба бастады. Даму үрдісі тоқтамай кәсіби музыканың әншілік пен күйшілік бағыты қазақтың ділдік, мәдени ойымыздың өзгеруімен түрге бөліне бастады. Қазақ даласының әншілік пен күйшілігі – төкпе және шертпе деп бөлінді. Төкпе дәстүрімізге қазақтың Батыс өңірі кірсе, шертпе дәстүрімізге- Оңтүстік, Шығыс, Орталық кірген еді.
Кәсіби музыканың құрылымы күрделі, арнайы уақыт талап ететін ерекше әншілік жанрға ерекше түс кіргізген дара талантымыз –Біржан сал Қожағұлұлы еді.
Біржан сал Қожағұлұлы – аса көрнекті әнші-композитор, ақын, Арқа әншілік дәстүрінің негізін қалаушы.
Қазақтың сал –серілік өнеріне тән ерекшеліктердің бәрі Біржанның тұлғасына біткен, сондықтан ол халықтың құрметті «сал» атағына ие болған.