Дайындық тобы оқушыларын психологиялық – диагностикалық зерттеу

(А.Г.Лидерс әдістемесі)

ХАТТАМА

Зерттелінуші топ: 0 «а» дайындық тобы

Өткізілен уақыты: қазан

 

Әдістеме:

А.Г.Лидерстің «Бастауыш мектепке келген балалардың даму деңгейін анықтап білу» әдістемесі

 

Зерттеу мақсаты:

Баланың ақыл – ойының даму деңгейін, оқуға дайындығын анықтау. Әдістеме 5 – 8 жастағы балаларға арналған. әдістеме 15 субтесттен тұрады.

 

Нұсқау:

Әдістемені өткізу барысында дайындық тобының барлық оқушыларына зерттеу жеке – жеке жүргізіледі.

Құрал – жабдықтар:

  1. Суреттер бойынша әңгімелесу (6 сурет)
  2. 12 түрлі – түсті карточкалар: қара, қызыл, көк, жасыл, күлін, ақ, сұр, қоңыр, көгілдір және т.б.
  3. 9 сурет: алма, сәбіз, раушан гүлі, алмұрт, қызғалдақ, капуста, күнбағыс, шие, қалампыр.
  4. 3 кәрзеңке (қағаздан жасауға болады)
  5. Карточкаға салынған фигуралар үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш. 9 геометриялық фигура: шеңбер, төртбұрыш, үшбұрыш және т.б.
  6. Төрт жұп салыстыратын суреттер.
  7. Аяқталмаған фигуралар бар суреттер.
  8. Қарама – қарсы сөздер.
  9. Топ мүшелеріне төртбұрыш, үшбұрыш, екі ирек (аяқталмаған жазуға ұқсайтын болуы керек).
  10. Әңгімелесуге ұсынатын суреттер.

Интерпретация:

Барлық субтесттердің жалпы ұпай қорытындылары шығарылады. Жалпы ұпай көрсеткіші нормативтің сызбасы арқылы пайызға ауыстырылады. Алынған нәтижелер баланың ақыл – ойының дамуын, мектепке интеллектуалды дайындығын анықтайды.

 

Қорытынды:

Дайындық тобына (0 «а» сыныбына) жүргізілген А.Г. Лидерстің «бастауыш мектепке келген балалардың даму деңейін анықтап білу» әдістемесінің нәтижесін қорытындыласақ, жалпы әдістеменің жүргізілуі жеке өткізілген соң, нәтиже сыныптың оқуға дайындығының жақсы деңгейде екенін көрсетіп және алдағы уақытта да әлі де болса, дайындықтың қажет екенін көрсетті. Балалардың даму деңгейі орташадан жоғары екенін арнайы құрылған сызба арқылы көруге мүмкіндік бар.

 

Ұсыныс:

Сынып жетекшілеріне: Дайындық тобы оқу жылының басы болғандықтан, әлі де болса көп көңіл бөлуді талап етеді, сондықтан оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту ұсынылады.

Ескерту:

Дайындық тобы мүшелерінің арасындағы өзара қарым – қатынасты дамыту мақсатында түрлі ойындар өткізу керек.