2010/2011: "Baku Fires" vs "ASTANA ARLANS" - 3:2 (топтық кезең)

15 қаңтарда Лондонда "А" тобындағы "British Lionhearts" пен "China Dragons" командалары асында Бүкіләлемдік бокс сериясының V маусымы басталды. Айтпағымыз бұл емес еді. «Astana Arlans» өнер көрсететән "Б" тобының алғашқы кездесулері 17-қаңтарға жоспарланған. Маусым басталмас бұрын "Б" тобындағы қарсыластарымыз «Argentina Condors», «Astana Arlans», «Azerbaijan Baku Fires», «Caciques Venezuela», «Italia Thunder Boxing Team», «Puerto Rico», «Rafako Hussars Poland», «USA Knockouts» кәсіпқой бокс клубтарына тоқтала кеткенді жөн көрдік.

Бүкіләлемдік бокс сериясына (WSB) енді қосылған үш команданы есептемегенде, көптеген жаңа боксшылардың өнерін тамашалайтын боламыз. Көп команданың құрамы өзгерген. "Б" тобындағы қарсыластарымыздың ішіндегі ең қауіптілері әрине "Baku Fires" пен "Italia Thunder" командалары. "USA Knockouts" клубыда қарсылық көрсетуі мүмкін. "Caciques Venezuela" пен "Puerto Rico Hurricanes" командаларынан не күтетініміз біз үшін жұмбақ. Әр топтан 1-ші орын алған командалар автоматты түрде тікелей жартылай финалға жолдама алатынын ескерсек, "ASTANA ARLANS"-тың топтағы кездесулері қиын болатынын сөзсіз.

 

"AZERBAIJAN BAKU FIRES"

Нәтижелері:

I Маусым (2010/2011) — жартылай финал

II Маусым (2011/2012) — жартылай финал

III Маусым (2012/2013) — ширек финал

IV Маусым (2013/2014) — финал

 

 

Арландармен текетіресі:

 

Астана Арландарының ең көп есе жіберген ежелгі қарсыласы. Екі команда I және IV маусымдарда жолығып, өзара 8 кездесу өткізген. "Baku Fires" 5 кездесуде жеңіс тойын тойласа, 3 кездесу «Astana Arlansтың» пайдасына шешілген.

 

2010/2011: "ASTANA ARLANS" vs "Baku Fires" – 1:4 (топтық кезең)

2010/2011: "Baku Fires" vs "ASTANA ARLANS" - 3:2 (топтық кезең)

2010/2011: "Baku Fires" vs "ASTANA ARLANS" - 3:2 (топтық кезең)

2010/2011: "ASTANA ARLANS" vs "Baku Fires" – 5:0 (топтық кезең)

2013/2014: "ASTANA ARLANS" vs "Baku Fires" – 4:1 (топтық кезең)

2013/2014: "Baku Fires" vs "ASTANA ARLANS" – 4:1 (топтық кезең)

2013/2014: "ASTANA ARLANS" vs "Baku Fires" – 3:2 (жартылай финал)

2013/2014: "Baku Fires" vs "ASTANA ARLANS" – 4:1 (жартылай финал)

 

V маусымдағы құрамы:

49 келі: Дадашов Явид, Ибиев Магомед, Салиев Расул

52 келі: Мамишзада Элвин, Рабаданов Мурад

56 келі: Ахмадов Турал, Гурбанов Магомед, Магомедов Яшар

60 келі: Исаев Элвин, Маммадов Насраддин, Селимов Альберт

64 келі: Абдуллаев Заур, Гаджиалиев Гайбатулла, Рамазанов Валех

69 келі: Ахмедов Камиль, Багхиров Парвиз, Рамашкевич Евгений

75 келі: Ахмадов Эмиль, Шахсуварлы Kaмрaн, Веселов Mикалай

81 келі: Михаил Доголовец, Хоситашвили Яба, Мигитинов Солтан, Рахимов Рауф

91 келі: Абдуллаев Абдулқадір, Мамадлы Рахи, Маммадов Теймур

+91 келі: Махмудов Арсланбек, Мехдиев Камран, Муртузалиев Хаджы

 

Баку Файерстің бұған дейін құрамында болған Магомедрасул Меджидов (+91 келі) AIBA Pro Boxing (APB) лигасында жұдырықтасып жатқандықтан бұл жолы көмектесе алмауы мүмкін. Жақында алған жарақаты тағы бар. Солтан Мигитинов 81 келіге ауысыпты, Теймур Маммадов өз салмағына қайта оралған. Хайбула Мусаловтың (75 келі) көрінбегені болмаса, жалпы команда құрамы айтарлықтай қатты өзгере қоймаған.

 

"ITALIA THUNDER BOXING TEAM":

 

Нәтижелері:

I Маусым (2010/2011) — "C" тобында 2 орын

II Маусым (2011/2012) — жеңімпаз

III Маусым (2012/2013) — жартылай финал

IV Маусым (2013/2014) — ширек финал

 

Арландармен текетіресі:

2011/2012: "Italia Thunder Boxing Team" vs "ASTANA ARLANS" – 5:0 (топтық кезең)

2011/2012: "ASTANA ARLANS" vs "Italia Thunder Boxing Team" – 3:2 (топтық кезең)

2012/2013: "ASTANA ARLANS" vs "Italia Thunder Boxing Team" – 3:2 (топтық кезең)

2012/2013: "Italia Thunder Boxing Team" vs "ASTANA ARLANS" – 4:1 (топтық кезең)

 

V маусымдағы құрамы:

49 келі: Бернс Патрик, Консельмо Джанлука

52 келі: Bидхари Гaураф, Галло Юльано

56 келі: Багатен Симон, Конлан Майкл Джон, Андрэ Риккардо

60 келі: Боуфракеш Седик, Козенца Донато, Интроваая Фабио

64 келі: Маниакапре Винченцо, Ванджели Дарио

69 келі: Ди Руссо Альфонсо, Эванс Фредди Уильямс, Морелло Дарио

75 келі: Кавалларо Сальваторе, Гена Саверио, Мунно Рафаэл

81 келі: Фьори Симоне, Манфредония Валентино, Рошильоне Джанлука

91 келі: Сфау Эндри, Турчи Фабио

+91 келі: Спау Алессио, Вианельо Гидо

 

Командадан Марк Энтони Баррига (49 келі), Михай Нистор (+91 келі), Винченцо Пикарди (52 келі), Доменико Валентино (60 келі), Клементе Руссо (91 келі), Робсон Консейсао (60 келі), Мишель Таварес (75 келі) кетті. Аталған боксшылар AIBA Pro Boxing (APB) жобасына ауысты. Жаңа құрам қаншалықты қауқарлы екенін алдағы уақытта білетін боламыз.

 

"ARGENTINA CONDORS":

Нәтижелері:

I Маусым (2010/2011) — қатыспаған

II Маусым (2011/2012) — қатыспаған

III Маусым (2012/2013) — ширек финал

IV Маусым (2013/2014) — "А" тобында 5 орын

 

Арландармен текетіресі:

2012/2013: «Argentina Condors» vs "ASTANA ARLANS" – 3:2 (ширек финал)