1 - маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған

бағдарламаның сценарийі

Өтілетін орны: Спорт алаңы
Уақыты: 11:00

Тақырыбы: Бар мейіріміміз балаларға

Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу.

Безендіру: Спорт алаңы ертегі кейіпкерлерімен, шарлармен, гүлдермен безендіріледі.

Кейіпкерлер:

Сотқарбек
Сайқымазақ пен Күлдіргі
Барлық балалар шеңбер болып тұрады.
Музыка ойналады.
Ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты достар! Бүгін балалық шақтың ең тамаша мейрамы. Бүгін жадыраған жаздың ең алғашқы ғажайып қақпасы ашылар керемет шақ. Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз. «Бар мейіріміміз балаларға» атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін әке, анамыз да
Ырза болсын балалар

Ән «Бала тілегі» орындайтын 1-сынып оқушысы Көпжасар Сабина

Алақанын сипап, балаларға теріс қарап Сотқарбек шығады.

Сотқарбек:

Мінекей, тағы да бір бұзықтықты сәтті аяқтадым: тосапқа тұз сеуіп кеттім. Енді барлығы тұзды тосап жейтін болды! Ха-ха-ха!

Бұрылып топ болып тұрған балаларды көреді.

Сотқарбек: Ахаааа! Маған да керегі дәл осылар ғой!

Жүгіргізуші: «Осылар» деп кімдерді айтып тұрсың?

Врака-Забияка. Кімдерді, кімдерді... Мына тұрған балаларды айтамын. Мен оларды өзңме көмекші етіп алмаймын ба?!

Жүргізуші: Сен өзі кімсің?

Сотқарбек: Мен — аты шулы Сотқарбекпін. Ал мынау менің досым Жалқаубек. Мына жерде мереке болып жатыр деп естідік.

Жүргізуші: Жай ғана мереке емес, осы оқу жылын бітіріп, ақылына ақыл қосқан әлемдегі барлық балалардың мерекесі. Біз бұл жерге көңіл көтеруге жиналдық.

Сотқарбек: Ақылына ақыл қосқан деп мына балақайларды айтып тұрсың ба? Ой, күлкімнің келгені-ай! (күледі) Бұл балақайлардың аузынан ана сүтінің дәмі де кетпеген-ау.

Жүргізуші: Тоқта, тоқта, Сотқарбек! Олардың есейгендігін білу үшін ойын ойнатып, би билетіп, ән айтқызып тексеруіміз керек.

Сотқарбек: Тексереміз бе? Мақұл (доп алып шығады) Мінекей доп. Егер осы допты ұстай алмасаңдар мүлдем өспей қалғансыңдар деген сөз. Ал, кеттік!

Допты ретсіз лақтырып балаларды алдайды.

Жүргізуші: Жоқ! Бұлай болмайды! Егер ойнар болсақ, дұрыстап ойнайық.

Сотқарбек: Дұрыстап дегені қалай сонда?

Жүргізуші: Дұрыс ойнау бұл – ережеге сай ойнау. Біз саған "Қалай?" ойынын ереже сай ойнап көрсетейік. Қаласаң саған да үйретеміз.

Сотқарбек: Хех, кім-кімді үйрететінің көрерміз әлі. Мен бұл ойынды білмейді дейсің бе

Ойын ойнатылады
Балалар сұраққа қимыл-қозғалыспен жауап береді.

Мереке қалай өтуде? – (бас бармақтарын көрсетеді)

Қалай жүреміз? – (орындарында жүреді)

Қалай жүземіз? – (жүзеді)

Қалай жүгіреміз? – (бір орында жүгіреді)

Қалай мұңаямыз? – (мұңаяды)

Қалай қорқытамыз? – (қолдарын көтеріп айбат шегеді)

Ойын 3-4 р ет қайталанады , әр жолы жылдамдық қосылып отырады. .
Сотқарбек шатастырып дұрыс орындамайды, жүргізуші оған ескерту жасайды.

Жүргізуші: Мен Сотқарбек тентектігін қойып, мейірімді әрі көңілді болуы үшін оны кіммен таныстыру керектігін білетін сияқтымын. Бізге қуаныш сыйлайтын Күлдіргілерді шақырайық. Олар осы жерге келу үшін біз қатты, қатты шапалақтауымыз қажет. Кәнекей, бәріміз жұмыла шапалақтайық.

Балалар шапалақтайды . Сотқарбек тығылып, құлағын жабады. Көңілді әуенмен Күлдіргілер шығады.

Күлдіргі: Міне біз де келдік! Сендердің шапалақтарынның дауысын естіп бізді күтіп отырғандарыңды түсіндік. Солай ма, балалар?

Балалар: Иә!

Күлдіргі: Бүгін сендердің мерекелерің бе? Ох, мерекені қатты жақсы көремін!

Жүргізуші: Иә, Күлдіргі, барлығымыз жиналып көңіл көтерейік деп шештік.

Сотқарбек: Иә сендерге, кішкентай балақайлар. (мұрының шүйіре сөйлейді)

Күлдіргі: Сотқарбек сен де осында ма едің? Тағы да бұзықтық жасап жүрсің ба?

Жүргізуші: Күлдіргі, білесің бе Сотқарбек біздің ұлдар мен қыздарымыз еш нарсе де үйренген жоқ, әрі дым білмейді дейді.

( Сотқарбек мазақтап күледі )

Күлдіргі: Ал мен мүлдем олай ойламаймын. Балалар оқу жылын бос өткізген жоқ. Олар көп нарсені үйренді. Ал сен өзін таңертең ең алдымен не істеу керегін білесің бе?

Сотқарбек: Әрине, білемін! Соны да сұрайды ғой. Таңертең тұрасың да неше түрлі бүзақылық жасайсың, өтірік айтып алдайсың.

Күлдіргі: Мүдем олай емес! Біз қазір таңертеңгілік не істеу керегін ұйретеміз.

Күлдіргі балалармен көңілді әуенге қызықты жаттығулар орындайды.

Сотқарбек: Сендер тек мектепте ғана тәртіпті болсыңдар. Ал демалыс уақытында менсіз жүре алмайсыңдар. Егер мен кетсем барлығын жақсы болып кетесіңдер ғой. Сотқарлық жасамасаңдар іштерің пыспай ма?

Жүргізуші: Жаз басқа да қызықтарға толы емес пе?! Көбіміз қалаға қыдыруға барамыз, суға шомылып, саяхатқа шығамыз.

Сотқарбек: Өй, сендерді ме!

Күлдіргі: Сотқарбек, біз саған сиқыр көрсетейік. (Сотқарбекті алдайды)

Сотқарбек: Бұл дым күлкілі емес. Неге менің үнемі жолым болмайды. (жылайды)

Күлдіргі: Сотқарбек, сен бізге ренжіме. Сен үнемі басқаларды мазақ қылып, ренжітесің де жүресің. Бұл дұрыс емес. Егер солай істеуінді жалғастырсаң сенімен кім достасады?

Жүргізуші: Күлдіргі, дұрыс айтасың. Тек мейірімді, көңілді жүретін адамдарды барлығы жақсы көреді. Сен де барлығымен дос бол. Кел, біздің өнерлі балаларымыздың керемет биін тамашалайық.

4-сынып қыздарының орындауында Үнді биі

Сотқарбек: (шапалақтайды) Неткен керемет би!

Жүргізуші: Сотқарбек саған ұнады ма? Көрдің бе, біздің балаларымыздың барлығы өнерлі. Олардың өнерлерін бірге тамашалайық.

Балалар өнерлерін көрсетеді

Сотқарбек: Енді көзім жетті. Бұл балалар шынымен де өте ақылды, қнерлі екен. Мен де сендерді менімен билеуге шақырғым келеді.

Балалар мен кейіпкерлер билейді

Жүргізуші: Ал, Сотқарбек, саған біздің мерекеміз ұнады ма?

Сотқарбек: Ұнағанда қандай! Мен жақсы жаққа өзгердім ғой.

Жүргізуші: Иә, сені жақсылыққа үйреткен біздің балаларымыз емес пе?!

Сотқарбек: Мен оларғат сол алғыс білдіріп, сыйлық берсем деймін. Еще бы! Ведь я стала совсем другой!

Ведущий. А в этом тебе помогли наши ребята.

Врака-Забияка. Я хочу их за это отблагодарить. Угощу-ка я их мухоморчиком!

Смешинкин. Вот тебе раз! Ты опять за свое? Мухоморы разве можно есть?

Врака-Забияка. Вы что, забыли? Я же перевоспиталась, я стала хорошей. А мухоморчик этот не простой, а сладкий-пресладкий!

Балаларға сыйлықтар таратылады.

Жүргізуші: Тартулары үшін қонақтарымызға рақмет айтайық, балалар.

Күлдіргі: Балалар, сендерді бүгінгі мерекелерінмен құттықтаймыз. Үнемі жүздеріңнен күлкі кетпесін. Біз сендерге мұңайған кездерінде күлкі сыйлауға дайынбыз. Ал қазір біз өзіміздің елімізге қайтуымыз керек.

Күлдіргі мен Сотқарбек: Сау болыңдар, балалар! Келесі кездескенше.

Көңілді әуенмен кейіпкерлерді шығарып салады.

Жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!

Осымен «Бар мейіріміз балаларға» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне келіп жетті. Келесі кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!