Жауабы: 0,125 немесе 12,5 % .
7)8 г тұзды 1 л суда еріткенде алынған ерітіндідегі натрий хлоридінің массалық үлесін есептеп шығарыңдар.
Жауабы: 0,008 немесе 0,8 %.
8) Массасы 27,8 г темір купоросына (FeSO4•7H2O) көлемі 172,2 мл су қосқанда түзілген ерітіндідегі темір (II) сульфатының массалық үлесін табыңдар.
Жауабы: 7,6 %.
9) 13г мырыш пен 24,5 г күкірт қышқылының ерітіндісі әрекеттескенде түзілетін сутектің Ұқ.ж.Қ көлемі.
Жауабы: 4,48 л.
10) Натрий гидроксидінің массалық үлесі 10 % (немесе 0,1) , массасы 45 г ерітіндісіне 105 г су қосылды. Алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі қандай екенін табыңдар.
Жауабы: Натрий гидроксидінің массалық үлесі 10 %, массасы 45 г ерітіндісіне 105 г су қосылғанда алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі 3 % болады.
С-деңгейі:
1)Натрий хлоридінің 20°С кезінде судың 100 грамындағы ерігіштігі -36г. Осы жағдайда қаныққан ертіндінің 340грамында қанша грамм еріген тұз бар?
Жауабы: 90г
2) Калий нитратының 60°С кезінде қаныққан 200г ерітіндісі берілген. Оны 35°С дейін суытқанда қанша грамм KNO₃ тұнбаға түседі? Калий нитратының 60°С кезіндегі ерігіштігі 1100г\л, ал 35°С кезіндегі ерігіштігі- 570г\л.
Жауабы: 50,5г
3) Бастапқы 80°С кезінде қаныққан ерітіндідегі еріген зат пен еріткіштің массаларын табамыз.
Жауабы: 50,47г
4) 60°С кезінде калий селитрасының қаныққан ерітіндісінде еріген заттың массалық үлесі-52,4, ал 20°С-та 24%. Егер қаныққан ерітіндінің 250грамын 60°С-тан 20°С-қа дейін салқындатса, онда тұнбаға түсетін тұздың мөлшері:
Жауабы: 93,42г
5) 20°С кезінде қаныққан ерітінді дайындау үшін 100г суда 36г тұзды еріту керек. Осындай қаныққан ерітінді алу үшін сол тұздың25%-тік ерітіндісінен қанша суды буландырып жіберу керек?
Жауабы: 17,8г
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Химия – есептер мен жаттығулар жинағы Ә. Темірболатова. Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқу құралы.
2. Химия – есептер мен жаттығулар жинағы Ә. Темірболатова. Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқу құралы.
3. Мемлекеттік аралық бақылауға дайындалуға арналған химия пәні бойынша тест тапсырмалары ЖИНАҒЫ.
4. Білімділер сайты.
5. Ашық сабақтар сайты - http://ustaz.kz/sait-bolimderi/category/2-ximya
6. Химия есептері Қ.Бекішев