Жауабы: қышқылдық орта.
12) Массасы 3,1 г фосфорды жаққанда түзілген фосфор (V) оксиді 14 %-қ 70 мл калий гидроксидінің ерітіндісінде (р = 1,14 г/мл) ерітілді. Түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 20 %.
13) Көлемі 4,48 мл метанды жаққанда ( қ.ж.) түзілген газ 40 %-қ 14 мл натрий гидроксидінің ерітіндісінде (р= 1,43 г/мл) сіңірілді.Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.
Жауабы: 16,8 г.
14) Күкірт массалық үлесі 60 % -қ концентрлі азот қышқылының ерітіндісімен (р = 1,37 г/мл) әрекеттескенде күкірт қышқылы мен көлемі 67,2 л азот (ІІ) оксиді (қ.ж.) түзілді. Реакцияға түскен күкірттің массасын және азот қышқылының көлемін табыңыздар.
Жауабы: 48 г және 229,9 мл.
15) Массасы 20 г тұзды 180 г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.
Жауабы: 0,1 немесе 10 %
B-деңгейі
1) Судың 500 миллилитріндегі 100 л хлорсутек (қ.ж.) ерітілді. Алынған ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.
Жауабы: 0,246 немесе 24,6 %
2) Бір литр өсімдік майының (тығыздығы 0,85 г/мл) массасын табыңдар.
Жауабы: 850 г.
3) Күкірт қышқылының массалық үлесі 10%, тығыздығы 1,07г/мл, көлемі 200 мл ерітіндісіндегі H2SO4 – тің массасын табыңдар.
Жауабы: 21,4 г.
4) Натрий гидроксидінің массалық үлесі 10 %, көлемі 20мл ерітіндісін даярлау үшін гидроксидтің қандай массасы қажет болатынын есептеңдер.
Жауабы: 2,22 г.
5) Күкірт қышқылының массалық үлесі 10 %, тығыздығы 1,07 г/мл, көлемі 450 мл ерітіндісіне күкірт қышқылының массалық үлесі 96 %, тығыздығы 1,84 г/мл, көлемі 50 мл ерітіндісі қосылды. Түзілген ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесін есептеңдер.
Жауабы: 23,8 %.
6) Натрий хлоридінің массалық үлесі 0,05, массасы 100 г ерітіндісімен, құрамында натрий хлоридінің массалық үлесі 0,15, массасы 300 г ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.