Жауабы: m2 - 875 г.
3) 10 %-қ 250 г ерітіндінің концентрациясын 45 %-ға жеткізу үшін қажетті құрғақ тұздың массасын табыңыздар.
Жауабы: m(құрғақ тұз) - 158 г.
4) Еріген заттың массалық үлесі 50 % массасы 200 г күкірт қышқылының ерітіндісін әзірлеу үшін 60 %-қ және 20 %-қ ерітінділерден қанша керек?
Жауабы: m1 - 150 г, m2 - 50 г.
5) Массасы 240 г глаубер тұзына (Na2SO4•10H2O) көлемі 760 мл су қосқанда түзілген ерітіндідегі натрий сульфатының массалық үлесі қандай?
Жауабы: 10,58 %.
6) Көлемі 1 л еріген заттың массалық үлесі 12 %, тығыздығы 1,122 г/мл темір сульфатының ерітіндісін әзірлеу үшін қанша темір купоросы (FeSO4•7H2O ) керек?
Жауабы: 242,35 г.
7) Көлемі 250 мл еріген заттың массалық үлесі 8 %, тығыздығы 1,092 г/мл натрий гидроксидіне 50 г натрий гидроксидін қосқаннан кейінгі ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 6,76 %.
8) Массасы 600 г еріген заттың массалық үлесі 50 % ерітінді дайындау үшін 90 %-қ және 30 %-қ ерітінділерден қанша керек?
Жауабы: m1 - 200 г, m2 - 400 г.
9) 1 көлем суда 300 көлем хлорсутек ( қ.ж.) ерітілді.Түзілген ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін (%) есептеңіздер (судың тығыздығы 1 г/см³).
Жауабы: 32,8 %.
10) Азот қышқылының массалық үлесі 0,96 ( 96 %) көлемі 30 мл (р = 1,5 г/мл) ерітіндісімен азот қышқылының массалық үлесі 0,48 ( 48 %) көлемі 40 мл (р = 1,3 г/мл) ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесін есептеңіздер.
Жауабы: 70,26 %.
11) 15 %-қ 120 мл аммиак гидратының (NН3•H2O) ерітіндісіне (р= 0,94 г/мл) 28 %-қ 120 мл азот қышқылының ерітіндісі (р= 1,15 г/мл) құйылды. Алынған ерітіндінің ортасы қандай? Реакция теңдеуін жазыңыздар.