Сот сараптамасыныҢ жалпы іс жҮргізу мӘртебесі
Жұман Арайлым Нұржігітқызы
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті « Құқықтану » мамандығы III курс
Жетекші: Аргинбаева Мақпал Мадешовна
Coт сараптамасы - шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу. “Сараптама” деген сөз латынның “expertus” сөзімен байланысты, бұл “тәжірибелі”, “хабардар” дегенді білдіреді. Coт сараптамасы - жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдайаттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеу болып табылады. Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді падаланудың ең білікті нысаны болып табылады. Ол іс бойынша сотқа дейінгііс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымның құралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала терегеу органдарының танымдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Сот сараптамасы мынадай принциптерге: заңдылықка, сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігіне, сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігіне, зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігіне, кұзыреттілікке, жан-жақтылыққа, толықтықка және объективтілікке, кәсіби этиканы сақтауға негізделеді. Сараптама: криминалистік, медициналық, соттық-психиатриялық, биологиялық, каржылық-экономикалық инженерлік-көліктік, инженерлік-техникалық, құрылыстық-техникалық және т.б. болып бөлінеді.
Қазақстан Републикасының “Сот сараптама қызметі туралы” Заңының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сот-сараптама қызметін жүзеге асыру функциялары жүктелген мемлекеттік мекемелер сот сараптама органдары болып табылады [1].
Сот сараптамасы органдарындағы сот сараптамаларын жүргізудің іс жүргізу мәселелері сараптамамен, ұйымдастырушылық – ведомстволық заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен (ережелермен, нұсқаулықтармен) реттеледі. Процесті жүргізуші орган сот сараптамасы органына сараптама жүргізуді тапсырған кезде оның оның басшасына сараптама тағайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды жолдайды. Сот сараптамасы органының басшысы дегеніміз - сот сараптамасы органының сот-сараптама қызметіне басшылықты жүзеге асыратын адам болып табылады (сот сараптамасы органының бірінші басшысы, сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесінің басшысы), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функциясына сот сараптамасын жүргізу жатқызылған мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлімшелерінің басшылары болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы сараптаманы тағайындау туралы қаулы мен ұсынылыман материалдарды, егер олар тиесінше рәсімделмеген және бұл сараптама жүргізуге мүмкіндік бермесе, сондай-ақ егер сараптама жүргізу осы сот сараптамасы органымен көзделмеген немесе ол тиісті мамандар мен құрал-жабдықтар болмаса, себептерін көрсете отырып орындаусыз қайтаруға құқылы.
Сот сараптамсы орталығының бірінші басшысы нақты қылмыстық іс материалдарына, тағайындалатын сараптаманы жүргізудің қиындық дәрежесіне, сондай-ақ өзге де факторларға байланысты кез келген аймақтық бөлімшелердің бірінде сараптама жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. Жоғары білікті сарапшылар комиссияның қатысуын қажет ететін қайталама сараптамалар, негізінде, олрталық немесе ғылыми өндірістік сот сараптамасы зертханалары базасында ұйымдастырылады, сонымен бірге оларды жүргізу үшін Орталықтың аймақтық бөлімшелерінен сарапшылар тартылуы мүмкін.
Сараптама тағайындау туралы қаулыны қабылдау кезінде сот сараптамасы органының басшысы:
сараптаманы жүргізуді сарапшыға немесе сарапшылар комиссиясына тапсырады, сараптама жүргізудің мерзімін белгілейді, олардың сақталуына бақылау жасайды, сарапшының тәуелсіздіктері принциптерін бүзбай, сарапшылық зерттеудің толықтығымен сапасына, сараптама объектілерінің сақталуына бақылау жасайды, сарапшыларға қажетті әдістемелік көмек көрсетеді және оларды құрал-жабдықтармен, аспаптармен, материалдармен қамтамасыз етеді. Сараптаманы жүргізу қаулыда көрсетілген сот сараптамасы органының қызметкеріне тапсырылады. Егер қаулыда нақты бір сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны сот сараптамасы органының басшысы таңдайды және бұл туралы сараптама тағайындаған адамға хабарлайды..
Сараптама мерзім алдағы зерттеулердің қиындық дәрежесіне қарай ведомстволық нормативтік актілер тараптарын ескере отырып белгіленеді. Мысалы, техникалық күрделі әдістерді пайдалануды көздейтін комиссиялық көп объетілі зерттеулерді жүргізу 30 күн ішінде жүзеге асырылады, қысқартылған мерзім (3-7 күн) техникалық күрделі зерттеулерді қажет етпейтін аз мөлшердегі объектілер үшін белгіленеді.
Зерттеулер жүргізу үшін 30 күннен артық мерзім қажет болған жағдайларда,онда сарапшының алдын ала іс материалдарымен үш күн ішінде танысқан және оның сараптама жүргізуге қажетті уақытты бергеннен кейін, аймақтық бөлімше басшысы нақты мерзімін белгілейді. Сараптама жүргізудің мерзімін ұзарту туралы шешім сараптама тағайындаған органмен келісу және оның келісуі жазбаша түрде расталуы керек. Егер сарапшы қосымша материалдар алу қажеттілігі туралы тұжырымға келсе, ол сот сараптама басшысымен келісе отырып, үш не бес күн (көп бъектілі сараптамалар үшін) мерзім ішінде сараптама тағайындаған органнан сұралады. Ерекше жағдайларда, 5 күннен ауысуы мүмкін. Аталған жағдайда өтінішті жасау күнінен бастап қосымша материалдар немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы хабарлама алған күнге дейін сараптама жүргізу тоқтатыла тұрады. Өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан сараптама тағайындаған органмен келісе отырып, қаулының сұрақтары бастапқыда ұсынылған іс материалдары жол беретін ауқымда шешіледі немесе сараптаманы тағайындау туралы қаулыны орындаусыз қайтарылады.
Сараптама тағайындау тәртібі - Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау қажет деп тауып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптаманы тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және бұл өздерінің өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті. КПК- ның 271-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіге, куәға қатысты сот сараптамасы олардың келісуімен немесе олардың заңды өкілдерінің келісуімен жүргізіледі, көрсетілген адамдар келісімді жазбаша түрде береді. Сараптаманы тағайындаған адам сот сараптамасының тағайындалғаны туралы қаулымен күдіктіні, айыпталушыны, оның қорғаушысын, жәбірленушіні, оның өкілін, сондай-ақ сараптамаға ұшырайтын куәны, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәны оның заңды өкілін таныстырады және оларға КПК- ның 274-бабында көзделген құқықтарын түсіндіреді. Бұл туралы сараптама тағайындаған адам және қаулымен таныстырылған адамдар қол қоятын хаттама жасалады. Сараптама өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізетін органға өздерінің пікірі бойынша сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды атайды. Шешу үшін ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өтінішхат келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Тергеу судьясы КПК- ның 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген тәртіппен сараптама тағайындау туралы мәселені шешкен кезде қорғаушы тарапқа сарапшының алдына қойылуы қажет сұрақтарды жазбаша нысанда беруін ұсынады және олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды. Тараптар қай объектілердің сарапшылық зерттеуге жататынын, сондай-ақ сараптама жүргізуді кімге тапсыруға болатынын көрсетуге және сарапшыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге құқылы. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің осы баптың жетінші бөлігінде көзделген тәртіппен сарапшылық қорытынды беру туралы сұрау салуды жібергені туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір мезгілде хабардар етіледі, ол қажет болған кезде сарапшыға қосымша мәселелерді жолдайды. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы негізінде берілген сарапшының қорытындысы екі данада жасалып, оның біреуі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, екіншісі – сараптамалық қорытынды беру туралы сұрау салудың бастамашысына жолданады. Өзінің бастамасы бойынша сараптама тағайындалған процеске қатысушы сарапшылық зерттеу объектілері ретінде нәрселерді, құжаттарды ұсынуы мүмкін. Қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды осындай нәрселер, құжаттар қатарынан уәжді қаулымен алып тастауға құқылы. Қылмыстық процесті жүргізетін орган ұсынылған сұрақтарды қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына қатысы жоқтарын алып тастайды, сарапшыға қарсылық білдіру негіздерінің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу КПК-ның 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы бойынша сараптама жүргізілген жағдайларда, шығыстарды өтеу өзінің мүддесі үшін сараптама жүргізілген адамға жүктеледі [2].
Сарапшы болып тағайындалған сот сараптамасы органының қызметкері өз атынан қорытынды шығарады және ол үшін жеке жауап береді. Сондықтанда сарапшыға зерттеудің нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын ала белгілейтін нұсқаулар беруге сот сараптамасы органы басшысының құқығы жоқ, алайда сарапшының қорытындысы немесе қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарламасы сараптама тағайындаған органға тек сот сараптамасы органының басшысы арқылы жолданады. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сараптамасын тағайындаған органнан (адамнан), сот сараптамасы органының басшысынан және басқа адамдардан тәуелсіз болады. Сот сарапшысы жүргiзiлген зерттеулердің нәтижелерi негiзінде оның арнайы ғылыми біліміне сәйкес өз атынан қорытынды береді. Сот сарапшысы зерттеудің ғылыми-техникалық құралдарын, әдiстерi мен әдістемелерін таңдауда дербес болады, олардың жарамдылығы заңда айқындалады. Сот сарапшысына құқыққа сыйымсыз ықпал етуге және оның заңды қызметіне кедергі келтіруге жол берілмейді және олар заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Сот сарапшысы (сот сарапшылары) зерттеулердің нәтижелері бойынша өз атынан қорытынды жасайды және оны өзінің қойған қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сараптамасы органы сот сараптамасын жүргiзген жағдайда сот сарапшысының (сот сарапшыларының) қойған қолы аталған органның мөрiмен расталады. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сот сараптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi мен орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәлiметтер; сот сараптамасын жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн жауаптылық туралы ескертiлгенін сот сарапшысының (сот сарапшыларының) қойылған қолымен куәландырылған белгi; сот сарапшысының (сот сарапшыларының) алдына қойылған мәселелер; сот сараптамасын жүргiзу кезiнде сол жерде болған процеске қатысушылар туралы және олар берген түсiндірмелер туралы мәлiметтер; зерттеу объектілері, олардың жай-күйі, орамасы, мөрмен бекемделуі, куәгерлердің қатысуы кезінде олардың қойылған қолдарымен растау; қолданылған әдiстемелерді көрсетумен зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сот сарапшысының (сот сарапшыларының) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндердің негiздемесi және тұжырымы көрсетілуге тиіс.
Сараптаманы тағайындау фактісі, сарапшыны таңдау, сарапшы тапсырмасының көлемі, зерттеуге ұсынылатын материалдар процесті жүргізуші органға байланысты болады. Әдебиеттерде сараптама жүргізу кезінде процесті жүргізуші органның белсенділігін көтеру бағытталған негізгі ұсыныстар бар: сарапшының пайдалануына әдістер, техникалық құралдар ұсынылуы мүмкін, алайда бұлар ұсыныстық сипатта болып, оларды сарапшы өзінің қалауымен пайдаланады. Сарапшы мен сараптама тағайындаған органның арасында әдістемелік сипаттағы мәселелер бойынша келіспеушілік болған жағдайларда, соңғысының қарамағында іс жүргізу құралдары болады, оларды сарапшының қорытындысын алғаннан және бағалағаннан кейін пайдаланылуы мүмкін, олар – сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайтылыма сараптама тағайындау, құзіретті жоқтығы себептерімен сарапшыға қарсылық білдіру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Републикасының “Сот сараптама қызметі туралы” Заңы
2. Қазақстан Републикасының Қылмыстық – процестік кодексі