3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қазақ театр және кино өнері

Кино-көп өнердің бір түрі. Киноматографияның техникалық негізінде қалыптасқан көркем шығарманың түрі. Кино-әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін және қазіргі аудиовизиялық мәдениеттің техникалық жетістіктерін ұтымды пайдаланатын көп салалы өнердің түрі. Кино туындысын, яғни фильмді жасауға әртүрлі мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодрамматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитот, продюссер, коскадер, экономист, менеджер т.б. қатысады.

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірлді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік «Востокфильм» кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы «Соңғы хабар» атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В. А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі саналатын – Түркістан – Сібір темір жол магистрінің құрылысы жайлы «Түрксіб» атты деректі фильмін қойды. 1934 жылы Алматыда «Кеңестік Қазақстан» киножурналын үзбей шығарып тұратын Республикалық киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. «Ленфильм» студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен «Амангелді» (1938ж. Реж.М. З. Левин) көркемфильмін жасады. Қазақ көркем фильмінің тарихы осы туындыдан басталды. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда бірігіп, «Біріккен орталық киностудия» деген атпен өзінің қызметін бастады.

Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе», «Тақиялы періште» сияқты фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым -Қожа» фильмі, Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық ұлттық өнеріміздің, жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.

Қазіргі кезде жалпы қазақ өнері сияқты қазақ киносы да ізденістер үстінде. Тәуелсіздік кезінде түсірілген белгілі фильмдер қатарында «Көшпенділер», «Фара», «Аккордеонистің балалық шағы» және тағы да басқа фильмдерді атауға болады. Сонымен бірге қазіргі қазақ киносының ерекшелігі ретінде шетелдік режиссерлермен, киностудиялармен бірігіп дайындалған фильмдерді де атап өткен жөн.

Ұлттық өнер – жалпы халықтың рухани дамуы мен жаңғыруының көрінісі. Сондықтан әр кезеңде ол жаңа қырынан көрініп, дамып отырады.