5-тапсырма Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз

6-тапсырма Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал-мәтелдерді

оқып, мағынасын түсіндіріңіз

· Ер қадірін ер білер,

Зер қадірін зергер білер.

 

· Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

 

· Жігіт көркі - өнер.

 

· Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл еркем өнерімен көркем.

 

· Ата өнері - балаға мұра.

 

· Ұстаны соққан пышағынан таниды.

 

· Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

 

· Қол өнері - кілемде,

Сөз өнері - өлеңде.

 

· Шеберді шеге қағысынан таны.

· Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

 

· Асыл тастан шығады,

Өнер жастан шығады.

 

· Өнер өрге жүзгізеді.

 

· Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

 

· Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

 

 

 

1.2 Қазақ театр және кино өнері

1-тапсырмаСұрақтарға ауызша жауап беріңіз

1 Кинодан қандай тәлім-тәрбие алуға болады?
2 Саған отандық кино ұнай ма әлде шетелдік кино ұнай ма?
3 Қазіргі қазақстандық кинолар туралы пікірің қандай?
4 Отандық киноның мәртебесін қалай көтеруге болады?

5 Театр деген не?

6 Театрдың қандай түрлері бар?

7 Қазақстан аумағында алғашқы театрлар қашан құрыла бастады?

8 Сіз театрға барғанды ұнатасыз ба?

 

2-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз
Қазақстанның мәдени өмірі – культурная жизнь Казахстана
Шежіре – летопись
Күйреу – падение
Жаңа белестерге көтеріле бастады – поднимается на новые ступени

Қойылым – постановка

Актерлердің ойыны – игра актеров

Жоқтау – оплаеивание умершего, плачь

Киношежіре – летопись кино

Оқиға-событие
Шын сүйген- по-настоящему любил
Бейнесі-образ