Қазақ халқының дәстүрлі өнері

7-сабақ

Қазақ халқының дәстүрлі өнері

1.1 Халықтық қолөнер

1.2 Қазақ театр және кино өнері

1.3 Өнер жұлдыздары

1.1 Халықтық қолөнер

1-тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз

1 Қазақтың қандай қолөнерлерін білесіз?

2 Сәндік қолданбалы өнерінің қандай түрлерін білесіз?

3 Сізге сәндік қолданбалы өнердің қай түрі ұнайды?

4 Қолөнер шеберлері деп кімдерді айтамыз?

5 Теріден қандай бұйымдар жасауға болады?

6 Мал терісінен халқымыз қандай бұйымдар жасаған?

7 Теріден, былғарыдан не жасауға болады?

8 Аң терілерінен не тігуге болады?

9 Осы бұйымдардың көпшілігі немен әшекейленіп, көркемделген?

 

2-тапсырма Дәстүрлі қолөнер түрлерінен жасалған қандай заттарды білесіз? Білсеңіз кестені толтырыңыз

Атауы Неден жасалады? Қолдануы Қолданылатын құрал-жабдық тар. Осы материалды жете меңгерген қолөнершілер
           

3-тапсырма Төменде берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем

құрастырыңыз

Ағаш -

Жүн -

Арқан-жіп есу -

Киіз басу-

Кілем тоқу -

Кілем тоқу -

Сүйек –

Тұяқ –

Мүйіз -

Зергерлік өнер -

Тас –

Қыш -

Ер-тұрман жасау -

Кесте тігу

 

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Халықтық қолөнер

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Қолөнер Қазақ жерінде ХVIII ғасырларда қолөнер қатты дамыған. Әсіресе жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды түскиіздер, ал қызыл гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар мен тоқылған сандық қап, аяқ қап, кесе қап және шапан т.б. Сонымен бірге, қазақтың өткен заманда дамыған қолөнер түрі – зергерлік өнер. Қазақстан жерінде алтын, күміс, мыс, қалайы т.б. металдар өндіріледі.

Қолөнер түрлері

· Ұста- темірден бұйымдар жасайтын шебер;

· Зергерлік – асыл тастан әшекей бұйым жасайтын шебер;

· Тігінші – киім тігетін шебер;

· Тоқымашы – тоқыма бұйымдарын жасайтын шебер;

· Етікші – аяқкиімдер тігетін шебер;

· Өрімші – қайыстан ат әбзелдерін жасайтын шебер;

· Үйші – киіз үй сүйектерін жасайтын шебер;

· Бәдізші – тасқа ою-өрнек салатын шебер;