1 – тапсырма Берілген сөздерді аударып сөйлем құрастырыңыз

Тас көмір, мұнай, газ, темір, алтын, мыс, тұз, әктас, саз, алюминий

2 – тапсырма Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен жалғастырыңыз

Қазақ елі – бай ел

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі.

Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарында Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы табылған. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б.

Қазба байлықтары мен түсті металдары күнделікті тұрмыста қолдануға қажетті түрлі тұрмыстық заттар мен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.

Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста мұнай, газ өндірсе, шығыста фосфор, орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді.

Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалары екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі.

"Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығарылады.

Қаныш Сәтбаев бүкіл өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы табиғи қазба байлықтарын минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады.

Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.

 

3-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

4-тапсырма Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығында маңызы қандай?

№ 6 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма «ҚР рәміздері » туралы хабарлама жазу.

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндау