1.2 Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
6 саба қ
Менің отаным - Қазақстан
1.1 Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан
1.2 Қазақстан - көп ұлтты мемлекет
1.3 Қазақ елі – бай ел
1.1 Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан
1 – тапсырма Ой толғау
1 Қазақстан қандай мемлекет?
2 Тұңғыш Президенті кім?
3 Конституциясы қашан қабылданды?
4 Қазақстанның ұлттық рәміздерінде не бейнеленген?
5 Олардың мән-мағынасын қалай түсінесіз?
6 Ұлттық ақшасы қандай? Қашан айналымға енген?
7 Халқының саны қанша?
8 Қазақстан қай жылдан бастап тәуелсіз мемлекет болып есептеледі?
9 Қазақстан Республикасын бірінші таныған елді атаңыз
10 Қазақстанның қай жерінде туып-өстіңіз?
11 Қай жерінде болдыңыз?
12 Қазақстан қандай мемлекет?
13 Қазақстанның астанасы қай қала?
14 Қазақстан қайда орналасқан?
15 Отан дегеніміз не?
16 22 қыркүйек қандай мереке?
2 – тапсырма Диаграмманы толтырыңыз
Қазақстан |
3– тапсырма Сәйкестігін табыңыз
Елтаңба Әнұран Мемлекет Заң Үкімет Халық Отан Астана Шекара Тәуелсіздік Қала Ту | независимость город правительство герб государство родина гимн граница столица закон флаг народ |
4 - тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Тәуелсіз Қазақстан
Біздің Отанымыз, туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Еуропа мен Азияның картасын қарасақ, біздің мемлекет ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа созылып жатқан кең өлке.
Қазақстанның жер көлемі 2 миллион 700 шақырым. Қазақстан солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте - Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, шығыста – Қытаймен шектеседі.
Біздің республикамызда ұлтаралық, халықаралық қарым-қатынастар жоғарғы деңгейде дамыған. Қазақстанда 130 ұлт өкілі бейбіт тұрып жатыр. Қазақстан көптеген мемлекеттермен мысалы, Ресеймен, Қытаймен, Америка Құрама Штаттарымен тағы басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста.
Қазақстан халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тіліміз арқылы күллі әлем мәдениетін, тарихын, әдебиетін танимыз.
16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күнін атап өтеді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды. Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, Конституциясы бекітілді. Еліміз тәуелсіздік жолында көп күресті.
1991 жылы 1 желтоқсанда ел басшысы - Президенттің сайлауы болды. Содан бері мемлекетімізді алғаш сайлаған Президентіміз Н.Ә. Назарбаев басқарып келеді. Елбасымыз ел басқару жүйесінде халқымыздың жағдайын жақсарту үшін көптеген игі істер атқарып отыр. Жыл сайын мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін дәстүрлі жолдауларын жолдайды.
Конституция біздің - Ата Заңымыз. Конституция дегеніміз – мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы. Конституцияда Қазақстан азаматының не істеуіне құқықты және қандай істеріне тыйым салынатыны айтылған. 1995 жылы жаңа Ата Заң қабылданды. Осы конституцияда балалардың да құқығы мен міндеттері туралы жазылған. Бірнеше мемлекет бірігіп «бала құқықтары туралы» Конвенция қабылдады. Бұл Конвенцияның мақсаты балалардың білім алуына, мәдениет жетістіктерін пайдалануына, демалыс пен бос уақыт құқысын жақсы өткізуіне жағдай жасайды.
Жаңа Қазақстан мемлекетін әлем таныды. Бұл күнде біз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшеміз. Сонымен қатар ҚР көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Бұл дегеніміз ҚР өзге елдердің назарын өзінің жетістігімен аудара білуде. Бүгінде жер шары мазасыздыққа толы. Оған кей елдердегі әлеуметтік жағдайлардың төмендігі, ұлтаралық қақтығыстар, діни көзқарастар себеп болуда. Ал, біз Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында татулығы мен бірлігі жарасқан, әлемді аузына қаратқан көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз. Тәуелсіздігімізге 23 жыл толды.
1997 жылы Президенттің Республика халқына арналған «Қазақстан 2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, тыныштығын қорғау. Қазіргі кезеңде қазақстандықтар осы бағдарламаны орындауда.
Қазір еліміз қарыштап дамып келеді. Болашақта Қазақстан мәдениеті жоғары, білімді елге айналады.
Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз. Туған Отанымызды, халқымызды кұрметтейміз.