3-тапсырма Сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз

Уақыт талабы, уақыт жоқ, уақыт тапты, уақыт өткізді, уақыт болып қалды, уақытты бағалау, уақытты пайдалану, уақыт қымбат, уақытша баға, уақытты босқа өлтірме, уақытты үнемдеу.

 

4-тапсырма Мәтінді оқып, өз ойыңызбен бөлісіңіз

Студенттің бос уақыты

Оқудан бос уақытында жастар ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды, ақпарат алады яғни жеке тұлғаның дамуы, әлеуметтік бағытталуы іске асады. Бос уақытты жүйелі ұйымдастыру, мәдени құнды мазмұнмен толықтыру, әлемдік және отандық мәдениетке баулу, өзін-өзі саналы түрде бағалай білу – әр студенттің міндеті.

Студенттің демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізуі - білім алып жатқан оқу орнындағы тәрбие ісімен тығыз байланысты. Біздің оқу орнымыз студенттердің бос уақыттарын мәдени шараларға: қаламыздың көрікті жерлеріне, тарихи-мәдени орындарға апарып, спорттық ойындарға, мазмұнды мерекелерге қатысуын ұйымдастырып тұрады. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әр түрлі байқаулар, фестивальдар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, кiтапхана қорында студентке керекті кітаптар, ғаламтор, электронды оқу құралдары да жетерлік. Кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат сегізден, кешкі сағат тоғызға дейін. Университетімізде білім нәрімен сусындаймын деген студенттерге барлық жағдай жасалынған.

 

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма Уақыт туралы нақыл сөздерді есте сақтаңыз

• Адамдардың бәрінде уақыт бар, әйтсе де, ол барлық адамға жетіспейді.

• Уақыт ойымыздан да жүйрік.

• Уақыт – алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз.

• Уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді.

• Сәбидің бір сағаты, қарттың бір күнінен қысқа.

• Уақыт – керемет ұстаз, алайда шәкірттерін өлімге қиятыны жаман.

• Уақытым бос өтті деп күлмеген күніңізді айтыңыз.

• Әр күнің – жаңа өмір.

№ 4 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма«Уақыт алтыннан да қымбат» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма «Менің күн тәртібім» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз

3-тапсырма Қазақ халқының ұғымындағы киелі сандар туралы

4-тапсырма Уақыт, заман, сағат, мезгілге байланысты мақал-мәтел жазыңыз

5-тапсырма «Уақытты үнемдеу де - өнер» тақырыбына шығарма жазыңыз