5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма Оқыңыз, есте сақтаңыз. Уақытыңызды дұрыс пайдаланыңыз, уақытыңыздың жауларынан сақ болыңыз

а) Уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз;

ә) Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл табыс кепілі;

б) Ойлану үшін уақыт табыңыз, бұл – күш жігер бастауы;

в) Ойын үшін уақыт табыңыз, бұл – жастық құпиясы;

г) Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл – білім негізі;

ғ) Достық үшін уақыт табыңыз, бұл – бақыттың шарты;

д) Армандау үшін уақыт табыңыз, бұл – жұлдыздарға барар жол;

е) Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл – өмірдің шынайы қуанышы;

ж) Көңіл үшін уақыт табыңыз, бұл – жанның әуені;

 

Уақытымыздың жаулары

а) түсініксіз мақсаттар;

ә) тыңдай білмеу;

б) «жоқ» - деп айта алмау;

в) телефонмен ұзақ сөйлесу;

г) асығыс шешімдер;

ғ) ұмытшақтық;

д) жұмыс уақытында кофе, шәй ішуге кететін үзілістер;

е) жоспарлай білмеу;

 

1.2 Студенттің бос уақыты

 

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

2 Бос уақытыңызды қалай пайдалана аласыз? (демалыс күніңізді)

3 Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?

4 Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

5 Әр күнге жоспар құрасыз ба?

6 Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

7 Уақыт – алтыннан қымбат дейді, неге?

8 Уақытты басқару дегеніміз не?

9 Уақытты меңгеру не үшін керек?

10 Уақыттың жаулары не деп ойлайсыз?

 

2-тапсырма Сөздердің антонимдерін жазыңыз

Басталу, кешігу, таңертең,бүрсігүні, ертең, ерте.